Меню KDT
Edumy - LMS Online Education Course & School HTML Template
14.png?_=1
СОШ №17"

Новости

Главная Новости

«2021-2022 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі «2021-2022 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы» № 159 бұйрығын, «2021-2022 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарын және «2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» нұсқалық-әдістемелік хатты негізге ала отырып, 26 мамырдан 17 маусымға дейін білім сапасын арттыру және негізгі пәндер бойынша білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында 1-8 және 10-сыныптар мен 9-сыныптардың (қалауы бойынша) білім алушылары үшін 18 мамыр 2022 жылғы №87 мектеп директоры бұйрығымен Жазғы мектеп жұмысы ұйымдастырылды. Сыныптар бойынша 19.05-26.05 аралығында ата-аналардың өтініші жинақталып, оқушы саны анықталды.
Жиналған оқушылар саны 215: бастауыш буын – 105, орта мен жоғары буын – 110 оқушы. «Бәйтерек» мөлтік ауданы мен шалғай көшелерде тұратын оқушылар үшін тасымалдау ұйымдастырылды.
Жазғы мектеп бойынша жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Әр сынып бойынша оқу кабинеттері белгіленді.
26.05-нен бастап сағат 10:00 –нан 12:40-қа дейін сабақ кестесі бойынша бекітілген мұғалімдер сабақ өткізді. Оқу пәндерінің тізімі - негізгі пәндер (қазақ тілі,әдебиеттік оқу, жаратылыстану, дүниетану, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, тарих, физика, химия, биология, география, информатика.)
Жазғы мектеп аясында сабақ үстінде әртүрлі жұмыс түрлері өткізілді: оқу сабақтары, жобалық қызмет, зерттеулер, зертханалық жұмыстар, таза ауадағы сабақтар, өлкетану зерттеу экспедициялары, мұражайларға, туған өлкенің көрікті жерлеріне бару экскурсиялары және т.б. Білім алушылардың танымдық ынтасын арттыру мақсатында қосымша ойын-сауық материалдарын, тест тапсырмаларын, шығармашылық сипаттағы дидактикалық материалдарды, аудиовизуалды құралдарды (графика, аудио, бейнематериалдар), презентацияларды, сараланған оқу тапсырмаларын пайдаланды.

14 маусым күні Аудандық мәдениет үйінде "Территория танца" аудандық балалар би байқауы" өтті. Амиржанова Г. Е және Мусаибова Г. Т жетекшілігімен Новоишим қазақ орта мектебінің атынан 4"ә" сыныбы қатысып, 1- орынға ие болды. Балалар замануи мен ұлттық якут биін орындап, залда отырған әділ-қазылар алқасы мен көреремендердің ыстық қошеметтеріне ие болды.

14 маусым күні Аудандық мәдениет үйінде "Территория танца" аудандық балалар би байқауы" өтті. Амиржанова Г. Е және Мусаибова Г. Т жетекшілігімен Новоишим қазақ орта мектебінің атынан  4"ә" сыныбы қатысып, 1- орынға ие болды. Балалар замануи мен ұлттық якут биін орындап, залда отырған әділ-қазылар алқасы мен көреремендердің ыстық  қошеметтеріне ие болды.

"Түлек 2022- Жаңа Қазақстанның ертеңі"

16 маусым күні мектеп дәстүрлерін насихаттау және сақтау, білім мен білімнің құндылығын, адам өмірінде білім туралы құжаттарды алудың маңыздылығын қалыптастыру мақсатында 11 -ші сыныптарда "Түлек 2022- Жаңа Қазақстанның ертеңі" тақырыбында аттестат беру рәсімі өтті. Жиында негізгі мектеп бітіруші түлектерге аттестат және алғыс хат берілді.

«Менің үйім»

15 маусым 2022 жылы " Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де жазғы лагерь аясында  жаңа күнге қабылдау бой жазу жаттығуларын жасаудан басталды. Таза ауада  аяқ-қолды серпілтуге арналған  жеңіл жаттығулар ырғақты әуеннің сүйемелдеуімен өте көңілді өткізілді. Балалармен    «Менің үйім»   тақырыбында  алдымен әңгіме-сұхбат жүргізілді. Әр бала өзінің отбасы жайлы,өз үйлері туралы қызықты әңгімелерімен бөлісті. Менің үйім деп өз үйлерін қағаз бетіне бейнелеп, суреттер салды. Отбасылық тағамдар туралы әр оқушы өздерінің сүйікті тағамдарын  айтып, отасылық дәстүрге айналған тағамдар түрлерімен ойларымен бөлісті. Соңында кинозалдан «Көксерек»  мультфильмін тамашалап үйлеріне қайтты. Күн өте көңілді өтті.

"Квест"

13 маусым 2022 жылы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де "Балалар жылы-2022", Рухани жаңғыру бағдарламасы жүзеге асыру мақсатында  жазғы мектеп аясында сынып жетекшілердің ұйымдастырылуымен 5-6 сыныптар арасында "Квест" ойына өтті. Оқушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдері мен математика пәндерінен әр түрлі, қызықты тапсырмалар орындады. Мақсаты: топта жұмыс істеуге үйрету. Адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

«Отбасы-бақыт мекені»

13 маусым 2022 жылы "Новоишим қазақ мектебі" КММ-де мектеп жанындағы «Қарлығаш» лагерінің екінші кезеңінің ашылуы ойын түрлері арқылы жаңадан келген балалармен танысу арқылы өткізілді. Балалар өте көңілді күйде бір-бірімен араласып ойнады. Жоспар бойынша «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында әңгіме-дебат ұйымдастырылды.
Әр бала өзінің отбасы туралы, отбасындағы дәстүрлер, есте қаларлық жайттар, сәттер туралы өз ойларын ортаға салып әсерлі әңгімелерімен бөлісті.Келесі кезеңде әр бала өз отбасын ақ қағаз бетіне түсіріп, бейнеледі.Салған суреттерін тақтаға іліп, риза болды. Сонымен қатар балалар мектепте құрылған кинотеатрда өздерінің ұнаған мультфильмдерін көріп тамашалады. Мақсаты: отбаслық қарым- қатынасты нығайту, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

"Зиянды әдеттерге "Жол жоқ"

10 маусымнан 13 маусымға дейін 2022 жылы Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аясында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-нің 1-10 сынып оқушылары "Зиянды әдеттерге "Жол жоқ" тақырыбында сурет салды. Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау,  зиянды әдеттерден аулақ жүруге тәрбиелеу.

"Тапқыр достар"

10 маусым 2022 жылы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де жазғы лагерь аясында "Тапқыр достар" танымдық ойыны өтті. Балалар жазушылардың демалыс туралы ән, жыр, тақпақ, өлеңдерін мәнерлеп оқып, нақышына келтіріп, жатықты. Қысқа өлең жолдарын кезекпен жұптасып "Мнемотехника" әдісі бойынша жарысып оқыды. Сонымен қатар мектеп мұражайына барып, еліміздің ежелгі көне жасау жабдықтарымен,ыдыс-аяқтарымен, батырларымыздың әскери киімдерімен, зергерлік әшекей бұйымдарымен, киіз үй жабдықтарымен осылардың шығу тарихы мәлімет таныстырылды. Мектебіміздің 30жылдығына байланысты жасалынған естеліктер көрмесін тамашалап, мектебіміздің шығу тарихы туралы терең мәлімет алды.Мұражайға саяхат өте көңілді,тартымды өтті.
Соңында балалар серуенге шығып,доп ойнап тарқасты. Мақсаты: Әр түрлі ойындар ойнатып, би билетіп, ән айтқызу арқылы адамгершілікке, тату- тәтті болуға үйрету. Әр түрлі суреттер салғызу арқылы ой - өрісін, қызығушылығын арттыру.

"Балалар жылы-2022"

9 маусым 2022 жылы "Балалар жылы-2022" бағдарламасы аясында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-нің 5 сынып оқушылары сынып жетекшісы Жахина М.М. мен ата- аналар комитетінің   ұйымдастырумен Айыртау ауданының Сырымбет ауылына  Ш.Уалиханов атындағы тарихи-этнографиялық мұражайына экскурсия жасады. Ш.Уалихановтың  анасы Айғанымның  тұрған үйіне барып, өмірі жайлы ақпарат алды. Содан кейін оқушылар таза ауаға серуенге шығып, ойындар ойнап, қызықты ертегілерді оқып көңіл көтеріп келді. Мақсаты:  оқушыларды  өлкеміздің саяхатшысы Ш.Уалихановтың өмірімен таныстыру, табиғатты аялауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

«Мен жеңемін!»

8 маусым күні дене шынықтыру пән мұғалімі  Коккыз Хайраттың ұйымдастырылуымен  5-7 сыныптар аралығында «Мен жеңемін!» атты спорттық сайыс өтті.

"Менің бақытты балалық шағым" және "Еңбек десанты"

8 маусым 2022 жылы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де жазғы лагерь аясында  "Менің бақытты балалық шағым" және "Еңбек десанты" атты іс-шаралары өтті.  Оқушылар еңбек міндеттерін орындау және әр түрлі қызықты тапсырмаларды орындап отырды.Өз қиялдарынан сурет сала отырып пазл құрастырып эстетикалық талғамдарын арттырды.  Мақсаты: шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұйымшылдық, достық қасиеттерін қалыптастыру.

" Адам саудасының алдын алу"

7 маусым 2022 жылы Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес Ұлттық ақпараттық кампания онкүндігі және Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аясында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де " Адам саудасының алдын алу" мен құқықтық тақырыпта кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Казезов А.О. түсіндірме жұмыстарын өткізді. Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, өз өміріне деген жауапкершілікті сезіндіру.

Категории

• Нет доступных категорий

Недавние Новости

7.jpg
«2021-2022 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы»
18.07.2022
7.jpg
14 маусым күні Аудандық мәдениет үйінде "Территория танца" аудандық балалар би байқауы" өтті. Амиржанова Г. Е және Мусаибова Г. Т жетекшілігімен Новоишим қазақ орта мектебінің атынан 4"ә" сыныбы қатысып, 1- орынға ие болды. Балалар замануи мен ұлттық якут биін орындап, залда отырған әділ-қазылар алқасы мен көреремендердің ыстық қошеметтеріне ие болды.
18.07.2022
7.jpg
"Түлек 2022- Жаңа Қазақстанның ертеңі"
18.07.2022
7.jpg
«Менің үйім»
18.07.2022
7.jpg
"Квест"
14.06.2022
7.jpg
«Отбасы-бақыт мекені»
14.06.2022
7.jpg
"Зиянды әдеттерге "Жол жоқ"
14.06.2022
7.jpg
"Тапқыр достар"
14.06.2022
7.jpg
"Балалар жылы-2022"
14.06.2022
7.jpg
«Мен жеңемін!»
14.06.2022
7.jpg
"Менің бақытты балалық шағым" және "Еңбек десанты"
14.06.2022
7.jpg
" Адам саудасының алдын алу"
14.06.2022