
Образование
27.12.2022
Новоишим қазақ орта тірек мектебі (РО) бірінші сессиясы
Новоишим қазақ орта тірек мектебі (РО) бірінші сессиясы 19.12 – 30.12.2022 ж. аралығында 1 магниттік мектебімен қашықтық форматта өтіледі. Атап айтсақ, сессияға «Айқын Нұрқатов атындағы Шұқыркөл орта мектебінің» 8-11 сыныптың 25 оқушысы қатысады.
Оқу-тәрбие үрдісі бойынша жоспарлар, ресурстық орталықтың жұмыс регламенті мен күн тәртібі бекітіліп, сабақ кестесі дайындалды. Сонымен қатар сабақ беретін пән мұғалімдері анықталынды. 8-11сыныптарда І сессия кезеңінде жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша төмендегі пәндер оқытылады: химия, биология, математика, география, информатика,физика және қазақстан тарихы. Бастапқы сессияның алғашқы күндері оқушылардан кіру тесті алынады. Кіріс тестінің нәтижелері шығарылады.
Барлық сабақтар ZOOM платформасы арқылы өткізілді.