«Біз спортты жақсы көреміз»
"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де "Спорт және СӨС" фракция мүшелері 6"А", 6"Ә" сынып оқушылары арасында «Біз спортты жақсы көреміз» атты спорттық эстафетаны ұйымдастырып өткізді.
«Білім кілті- кітапта»
"Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру мақсатында Новоишим қазақ орта мектебінде мектеп Парламентінің мүшелерімен «Білім кілті- кітапта» атты викторина өткізілді. Ойынға 4«А» және 4«Ә» сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: оқушыларды көркем әдебиетті оқуға тәрбиелеу.
"Таза алақан" және "Игі істер ағашы"
Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсініктерін қалыптастыру мақсатында Новоишим қазақ орта мектебінде аға тәлімгер Еслям Э.Г жетекшілігімен “Адал ұрпақ” еріктілер клубының мүшелері 5 сыныптар арасында "Таза алақан" және "Игі істер ағашы" атты акциясын өткізді.
"Болашақ технологиялар"
12 сәуір күні Қазақстанда ғылыми орта өкілдері өзінің кәсіби мерекесі - ғылым қызметкерлер күнін атап өтеді. Осы күнге орай "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де 5-7 сыныптар арасында " Ғарыш әлемінде" макеттер байқауы өтсе, 8-11 сыныптар арасында "Болашақ технологиялар" тақырыбында жобалар байқауы өтті.
"Ғарыш Әлеміне саяхат "
1961 жылы 12 сәуірде адамның ғарышқа алғашқы ұшуы болды. Бұл оқиға бүкіл адамзат тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі болды.<br />"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де 1-4 сынып оқушылары арасында "Ғарыш Әлеміне саяхат " атты қолөнер байқауы өткізілді
"Ақпарат және баспасөз"
12 сәуір ғарышкерлер күні аясында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханашысы Б.А. Мамбеталинова «Ғарыш әлеміне саяхат» атты кітап көрмесін ұйымдастырса, "Ақпарат және баспасөз" фракциясының мушелері тақырыпқа сай ақпараттық стенд безендірді.<br /> Тақырыпқа сай ұйымдастырылған көрме ақпаратымыз адамзаттың ғарышты игеру тарихын жан-жақты таныта білуге арналған
«ИДЕЯДАН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА»
2022 жылдың 12 сәуір күні Ғылым күніне, Космонавтика күніне және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бес жылдығын мерекелеу аясында «ИДЕЯДАН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА» аудандық өнертапқыштар шеруі өтті.<br />Аталмыш іс- шараға Новоишим қазақ орта мектебінің 8а сынып оқушысы Тойболат Асанәлі қатысты.
Ғарышкерлер күні
Ғарышкерлер күніне орай Новоишим қазақ орта мектеп жанындағы "Қызылжар" шағын орталығының "Балауса" ортаңғы топ тәрбиеленушілері ата-аналарымен бірге сурет байқауына белсенді қатысты.<br />#ғарышкерлеркүні
Еңбек тәрбиесін жүзеге асыру
Еңбек тәрбиесін жүзеге асыру аясында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ- де 8-сынып оқушылары АӘТД мұғалімі Еслямов Р.Е. және көркем еңбек пәні мұғалімі Қасымов Қ.С. бірге СВД, РПГ-7, Ф-1, РГД-5 қаруларының үлгісін жасады. Модельдер жасаудың бұл әрекеті балалар мен жасөспірімдердің өз Отанына деген әскери-патриоттық сезімдерін, шығармашылық қабілеттерін ашып, дамытуға ықпал етеді.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың апталық жұмысына қысқаша бейнешолу
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 28 наурыз - 3 сәуір аралығындағы апталық жұмысына қысқаша бейнешолу.
«Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын дамыту әдіс-тәсілдері»
2022 жылдың 30 наурыз күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ- де «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын дамыту әдіс-тәсілдері» тақырыбында әдістемелік-тәжірибелік семинар өткізілді. Семинар қатысушылары : Привольный , Новоселовка , № 2 Новоишим орта мектептерінің , магниттік Жаманшұбар бастауыш мектебінің мұғалімдері. Семинар барысында бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың сөйлеу тілі дағдыларын қалыптастыратын, функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған педагогикалық технологиялардың жаңа әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Теориялық мен тәжірибелік бөліктерінен ұймдастырылған семинар қызу жұыс үстінде өтті.
IQanat олимпиадасының екінші кезеңі
29 наурыз Бескөл ауылындағы, Бескөл мектеп-колледжінде IQanat олимпиадасының екінші кезеңі өтті. Новоишим қазақ орта мектебінің 8 сынып оқушыларынан 8 оқушы екінші кезеңге жолдама алған болатын. 4 оқушы Жуманбекова Инжу, Серікбай Меруерт, Болатова Анель, Нәби Найман І топ жаратылыстану-математикалық бағыт, Амангельдыев Ануар,Бекбулат Сати, Қойшыбай Айғаным, Байтас Мирас гуманитарлық бағыт бойынша тест тапсырмаларын тапсырды. Олимпиада басталмас бұрын олимпиаданың ашылу салтанатты жиыны өтіп оқушыларға құттықтау сөздері мен IQanat 2019ж. жеңіскері Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің 1 курс студенті Ермагамбет Аружанның ақ тілектері жолдғана бейне хабарлама көрсетілді. Олимпиада аяқталғаннан кейін EduCon білім беру орталығының ұстаздары мен IQanat волонтерлары оқушылармен семинарлар мен мотивациялық тренингтер өткізді.
