
«Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын дамыту әдіс-тәсілдері»
2022 жылдың 30 наурыз күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ- де «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын дамыту әдіс-тәсілдері» тақырыбында әдістемелік-тәжірибелік семинар өткізілді. Семинар қатысушылары : Привольный , Новоселовка , № 2 Новоишим орта мектептерінің , магниттік Жаманшұбар бастауыш мектебінің мұғалімдері. Семинар барысында бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың сөйлеу тілі дағдыларын қалыптастыратын, функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған педагогикалық технологиялардың жаңа әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Теориялық мен тәжірибелік бөліктерінен ұймдастырылған семинар қызу жұыс үстінде өтті.