Меню KDT
Edumy - LMS Online Education Course & School HTML Template
14.png?_=1
СОШ №17"

Новости

Главная Новости

«Мен жеңемін!»

8 маусым күні дене шынықтыру пән мұғалімі  Коккыз Хайраттың ұйымдастырылуымен  5-7 сыныптар аралығында «Мен жеңемін!» атты спорттық сайыс өтті.

"Менің бақытты балалық шағым" және "Еңбек десанты"

8 маусым 2022 жылы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де жазғы лагерь аясында  "Менің бақытты балалық шағым" және "Еңбек десанты" атты іс-шаралары өтті.  Оқушылар еңбек міндеттерін орындау және әр түрлі қызықты тапсырмаларды орындап отырды.Өз қиялдарынан сурет сала отырып пазл құрастырып эстетикалық талғамдарын арттырды.  Мақсаты: шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұйымшылдық, достық қасиеттерін қалыптастыру.

" Адам саудасының алдын алу"

7 маусым 2022 жылы Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес Ұлттық ақпараттық кампания онкүндігі және Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аясында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де " Адам саудасының алдын алу" мен құқықтық тақырыпта кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Казезов А.О. түсіндірме жұмыстарын өткізді. Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, өз өміріне деген жауапкершілікті сезіндіру.

"Табиғатты қорғайық"

7 маусым 2022 жылы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де  жазғы лагерь аясында балалар күнді серпімді әуен ырғағымен "Жаттығу жасауды ұмытпа" тақырыбында   таңертеңгі жаттығулар жасап бастады. Сонымен қатар қоршаған ортаны сүю ,табиғатты қорғау, өсімдіктер мен жануарларды күте білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында "Табиғатты қорғайық" тақырыбында сурет салып, "Эстафеталық жалау" ойындарын ойнады.

«Көз алдына елестетіп көрсету»

7 маусым күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен 5, 6 – сыныптар арасында «Көз алдына елестетіп көрсету» пантомима ойыны ұйымдастырылды.
Мақсаты: Пантомимикалық дағдыларын дамыту.
Музыка әуенімен әдемі қозғалуға,өз эмоциясын би қимылдары арқылы көрсете білуге және пантомимикалық этюдтар шақыру.

«Бала еңбегі»

6 маусым күні әлеуметтік ұстаз А.Байбулатованың ұйымдастырылуымен 6-8 сыныптар арасында «Бала еңбегі» атты сауалнама алынды. Сауалнамаға қатысқан оқушылардың барлығы үй шаруасына көмектесетін, көп уақыт дем алатын, көңіл-күйлері жақсы балалар болып шықты.

"Көңілді старт"

6 маусым 2022 жылы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де  Балалар жылы бағдарламасы және жазғы мектеп аясында дене шынықтыру пәні мұғалімдері  Сердалин Р.Е. мен Узаков Е.Н. жетекшілігімен 5-7 сыныптар арасында   "Көңілді старт" жарысы өтті. Мақсаты: оқушыларды ұйымшылдыққа, бір- бірін құрметтеуге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстану.

«Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес»

2022 жылдың маусымның 1-12 күн аралығында «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» Ұлттық ақпаратты кампаниясы оңкүндігінің  аясында мектеп кітапханашы Б.Мамбеталинованың жетекшілігімен көрме ұйымдастырылды.

«Мен мемлекеттік рәміздермен мақтанамын»

Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы аясында Новоишим қазақ орта мектебінің   оқушылары «Мен мемлекеттік  рәміздермен мақтанамын» мәнерлеп оқу челленджіне қатысты.

«Түнгі қаладағы балалар»

4 маусым күні әлеуметтік ұстаз А.Байбулатова және мектеп психологі М.Берденованың ұйымдастырылуымен «Демалыс» «Жасөспірім» «Түнгі қаладағы балалар» ауданның мейрамханаларына, көшелерінде рейд өткізілді.

«Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышыз»

Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде мектептің алар орны ерекше.
4 маусым – Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы аясында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышыз» атты салтанатты мерекелік бағдарлама өтті. Сағат 10.00-де мемлекеттік Әнұран орындалғаннан кейін, 4 сынып оқушылары патриоттық сезіммен Әңұран, Ту, Елтаңба туралы тақпақтарды мәнерлеп оқыды. 1 а сынып оқушысы Ғалымжан Дәрия «Тәуелсіздік ел ұраны» әнін, ал 2 а сынып оқушысы Айнадин Айсұлтан «Еліме арнайын» әнін жоғары дәрежеде орындады. 4 ә сынып оқушылары «Айша-бибі домалақ» қазақ биін биледі. Мекерекелік бағдарламаның 1-ші бөлімі «Біз бақытты Қазақстан ұрпағымыз!» әнімен аяқталды.
2-ші бөлімінде барлық қатысқан оқушылар «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында акварельмен, түрлі түсті қарындаштармен сурет салды.
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым 2022 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай аудандық аланыңда  өткен салтанатты жиынға Новоишим қазақ орта мектебінің ұжымы белсенді қатысты.

Категории

• Нет доступных категорий

Недавние Новости

7.jpg
«Мен жеңемін!»
14.06.2022
7.jpg
"Менің бақытты балалық шағым" және "Еңбек десанты"
14.06.2022
7.jpg
" Адам саудасының алдын алу"
14.06.2022
7.jpg
"Табиғатты қорғайық"
14.06.2022
7.jpg
«Көз алдына елестетіп көрсету»
14.06.2022
7.jpg
«Бала еңбегі»
14.06.2022
7.jpg
"Көңілді старт"
14.06.2022
7.jpg
«Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес»
14.06.2022
7.jpg
«Мен мемлекеттік рәміздермен мақтанамын»
14.06.2022
7.jpg
«Түнгі қаладағы балалар»
14.06.2022
7.jpg
«Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышыз»
14.06.2022
7.jpg
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні
14.06.2022