Меню KDT
Edumy - LMS Online Education Course & School HTML Template
14.png?_=1
СОШ №17"

Мектеп жайлы

«Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ

«Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ 1991 жылы 13 оқушымен ашылды. Бүгінде бұл – аудан орталығындағы ұлттық тәрбиеге негізделген, ана тілінде білім беретін бірегей қазақ мектебі.

2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында мектеп жаңа, заманауи ғимаратқа көшірілді. Қазіргі таңда мектепте 421 оқушы білім алуда. 22 оқу кабинеті заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. Мектеп жанында 90 орындық интернат, «Қызылжар» шағын орталығы, спорт және әскери-спорттық кешендер жұмыс істейді.

Мектептің материалдық-техникалық базасы жоғары деңгейде: Bilimland платформасы, заманауи физика кабинеті, еңбек шеберханалары, спорт залы, 140 орындық акт залы, лингафондық және информатика кабинеттері, 130 орындық асхана, жоғары жылдамдықты интернет бар. Кітапхана жаңартылып, мектеп мұражайы ашық форматта жұмыс істейді.

Мектепте 50 мұғалім қызмет атқарады, олардың басым бөлігі – жоғары білімді, білікті мамандар. Ұстаздар республикалық және облыстық байқаулардың жүлдегерлері, оқулықтар әзірлеу мен ұлттық сараптамалық жұмыстарға белсене қатысады.

Оқушылар пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобаларда, спорт және өнер сайыстарында жоғары нәтижелер көрсетуде. Түлектер жыл сайын ҰБТ-ға 100 пайыз қатысып, соңғы үш жылда 4 «Алтын белгі», 11 «Үздік аттестат» иегері атанды.

Мектеп ұжымы жас ұрпақты білімді, елжанды, бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеуді басты мақсат етеді.