Меню KDT

logo.jpg?_=1478319640

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Новоишим қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

  • ru
  • kz
  • Мектеп мәзірі

    Мектеп жаңалықтары

    «ZERDELI USTAZ» білім жобасы аясындағы "Оқушының сауалнамасы мен Lesson study талқылаулары"

    Мұғалімдердің зерттеу мәдениетінің деңгейін жоғарылату, білім мекемелеріндегі зерттеу мәселелері бойынша іс-тәжірибемен бөлісу мақсатында облыстық «Әдістемелік орталық» КММ ұйымдастыруымен  сабақты зерттеу тәжірибесі негізіндегі «ZERDELI USTAZ» білім жобасы аясындағы іс-шара 2025 жылдың 11 ақпан күні  Новоишим қазақ орта мектебінде өткізілді. Іс-шараға Ғабит Мүсірепов ауданы білім бөлімінің басшысы - Карабаева Эльмира Мырзахметқызы, Петропавл қаласы «Әдістемелік орталық» КММ әдіскері Ельцова Лариса Филипповна, Lesson Study и Action research әдістерін жүзеге асырушы мақсатты алаң-мектептердің облыс бойынша тәжірибелі ұстаздары қатысты. Тәжірибе алаңында біздің мектептің ұстаздары «Іс-әрекетті зерттеу. Тәжірибе. Әдіс-тәсілдер. Нәтиже» тақырыбында Кожахметова А.С., Рамазанова Ж.Н., Қайыржан Д.С. өз шеберліктерімен бөліссе, технология пәні мұғалімдері Әскер Ж.Ә., Алгожина А.Қ. «Декорға арналған гипс фигураларын жасау». «Фетрден  сәндік сөмкелер жасау» бойынша  шебер сынып көрсетті. Сонымен қатар  мектепте көрмелер ұйымдастырылып, оқушылар өз өнерлерін көрсетті.





    11.02.2025
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Президент
    Жолдауы

    Директор блогы

    Пайдалы сілтемелер