Меню KDT
Edumy - LMS Online Education Course & School HTML Template
14.png?_=1
СОШ №17"

Новости

Главная Новости

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Ұстазға алғыс!» апталығы.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің
ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан «Ұстазға алғыс!»
апталығы аясында 29-қыркүйек күні "Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі" КММ-де педагогикалық қызметтің ардагерлеріне арнайы алғыс айту іс-шарасы ұйымдастырылды.

«Мектепке дейінгі және бастауыш мектептегі тәрбие мен оқытудың сабақтастығы-дамудың негізгі бағыттары»

МДҰ педагогтары мен бастауыш сынып мұғалімдері үшін сабақтастық бойынша бірыңғай ашық есік күні

"Таза Қазақстан" жобасының мақсаттарына қол жеткізу.

20 қыркүйекте "Новишим қазақ орта мектебінің"  ұстаздар ұжымы республикалық  "Таза Қазақстан" жобасы аясында республикалық сенбілікке шықты.

Республикалық «Ақберен» өнер байқауы.

2025 жылдың 19 қыркүйегінде аудандық 8-11 сынып оқушылары арасында.

Адал азамат

Ата ана жиналысы.

ППҚҚ (психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі)

Мектеп психологтары М.А.Берденова мен Т.Б.Сердалина 1-11 сыныптардың ата-аналар жиналысы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы

2025 жылдың 8 қыркүйегіндегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауына пікір.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында өскелең ұрпақтың бақытты, берекелі өмір сүруі-баршаға ортақ өте маңызды жұмыс, аса жауапты азаматтық және ұлттық міндет екенін атап көрсетті.
Мемлекет басшысы жасанды интеллектінің қарқынды дамуы тек экономикада ғана емес, халықтың, әсіресе, жастардың мінез-құлқы мен болмыс-бітіміне оң әсер етіп жатқандығына тоқталып, Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керектігіне басты назарды аударды.
«Үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажет. Қазақстанды бәсекеге қабілетті ел ретінде дамытамыз десек, жұмысымызды жаңаша тәсілмен жүргізуіміз керек»,-деді.
Жасанды интеллектіні тиімді қолдану-білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларында жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік береді. Жолдаудың әр сөзі халыққа керекті мәселелерді қамтиды. Еліміздің тағдыры – біздің тағдырымыз, еңсесі биік, тұтқасы берік еліміздің алға қойған мақсаттары айқын екені қуантады.

"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ нің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Рамазанова Женя Нургазиевна.

Дене жаттығуы

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында күнделікті
дене жаттығуын тұрақты түрде жүргізу арқылы оқушылардың
денсаулығын сақтаудың тиімді тәсілін қалыптастыру, олардың оқу
белсенділігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау
мәдениетін дамыту мақсатында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ де 1-11 сыныптар арасында дене шынықтыру пәні мұғалімі Коккыз Хайрат пен Сердалин Р.Е сергіту сәтін өткізді.
Мектеп кестесіне динамикалық дене жаттығуын енгізу,
оқушыларда дене белсенділігіне саналы қажеттілік қалыптастыру мақсатында сынып жетекшілер мен мектеп ұстаздары сергіту сәтіне белсенді қатысты.

«Менің Отаным – Қазақстан»

Жаңа оқу жылының басталуы "Новоишим қазақ орта мектебі"КММ нің оқушылары үшін біріңғай сынып сағатымен басталды. «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбындағы сынып сағаты Қазақстанның тарихы, мәдениеті, табиғаты, экономикалық жетістіктері және болашағы туралы ақпарат беру арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Сағат барысында оқушылар өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттырып, Қазақстанның дамуы мен болашағына сеніммен қарайтын азамат ретінде қалыптасуға ұмтылады.

"Мектебім - мейірім мекені"

"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ де "Мектебім - мейірім мекені" тақырыбында 1 қыркүйек - Білім күніне арналған алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Мерекелік іс-шарада Қазақстан Республикасының  Туы салтанатты түрде көтеріліп, мемлекеттік әнұран шырқалды.Мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымын мектеп  директоры Баймагамбетова Балжан Шәріпқызы жаңа оқу жылының салтанатты түрде ашылуымен құттықтады. 2025-2026 ж. Оқу жылының ашылу салтанатында алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы отырған жас өрендерді, ата-аналар мен ұстаздарды құттықтауға аудандық полиция бөлімінің басшысы подполковник Харипов М. Е., аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Жаманбаева Р.Қ., ауданымыздың құрметті азаматы, ұлағатты ұстаз Тайшабаева А.Ж. арнайы қатысып, құттықтау сөздерін жеткізді.

Категории

• Нет доступных категорий

Недавние Новости

7.jpg
Ардагер ұстаздар аллеясы ұйымдастырылды
29.09.2025
7.jpg
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Ұстазға алғыс!» апталығы.
29.09.2025
7.jpg
Новоишим қазақ орта мектебінің асхана жұмысының ұйымдастырылуын 2025 жылдың қыркүйек айында бракераж комиссиясы тексерді.
26.09.2025
7.jpg
«Мектепке дейінгі және бастауыш мектептегі тәрбие мен оқытудың сабақтастығы-дамудың негізгі бағыттары»
25.09.2025
7.jpg
"Таза Қазақстан" жобасының мақсаттарына қол жеткізу.
22.09.2025
7.jpg
Республикалық «Ақберен» өнер байқауы.
20.09.2025
7.jpg
Адал азамат
15.09.2025
7.jpg
ППҚҚ (психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі)
10.09.2025
7.jpg
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы
08.09.2025
7.jpg
Дене жаттығуы
02.09.2025
7.jpg
«Менің Отаным – Қазақстан»
02.09.2025
7.jpg
"Мектебім - мейірім мекені"
01.09.2025