Образование
15.05.2026
«Басқа адамға көмектес» акциясы
"Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі" КММ-нің 8–10 сынып оқушылары «Басқа адамға көмектес» акциясына белсене қатысты. Акция барысында оқушылар мектеп аумағын көркейту мақсатында гүл көшеттерін отырғызуға ұстаздарына көмектесті. Оқушылардың табиғатты аялауға және ортақ еңбекке деген жауапкершілігі жоғары екені байқалды. Мұндай шаралар жас ұрпақты еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа және қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелейді.
