«Халық денсаулығына және адамгершіліке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» атты ақпараттық бұрышы безендірілді
Новоишим қазақ орта мектебінде 2023 жылдың қыркүйек айы бойы әлеуметтік педагогтардың ұйымдастырылуымен мектебіміздің бірінші қабатында «Халық денсаулығына және адамгершіліке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» атты ақпараттық бұрышы безендірілді. ҚР ҚК 296-бабы бойынша есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу, ҚР ҚК 297-бабы есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу, ҚР ҚК 299-1 бабы есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау және ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ КЕҢЕС ақпараттар көрсетілген.
