
Ұлыстың ұлы күні -Наурыз мерекесі
Қазақ халқы ежелден табиғи өнімдерді тұтынған. Таза тағамдардың адам денсаулығына өте пайдалы екендігін де ерте бастан түсінген. Мал шаруашылығын қолға алып, төрт түлікпен біте қайнасқан бабаларымыз әсіресе малдың еті мен сүтінен өте көп тағам түрлерін дайындаған.
Наурыз думанын кең көлемде тойлауға арналған биылғы жылдың күнтізбесіне енген Ұлттық тағамдар күнінде мектебімізде төл тағамдарымыз молынан жасалды. Сонымен қатар ұмыт болып бара жатқан кейбір тамақ түрлері жасалынып, әкелінді.
Ұлттық тағамдар күніне белсенді ат салысқан Новоишим қазақ орта мектебінің ата- аналарына үлкен алғысымызды білдіреміз!
Ұлттық-мәдени тағамдар күнінде аталарымыздан мирас болып қалған дәмі тіл үйіретін тағамдарды бірге насихаттайық!