
«Сауаттылықты қалыптастыру-табысты тұлғаны оқыту мен тәрбиелеудің міндетті шарты» семинар- практикум өткізілді.
Қарашаның бесінші жұлдызында Новоишим қазақ орта мектебінде тірек мектебі аясында «Сауаттылықты қалыптастыру-табысты тұлғаны оқыту мен тәрбиелеудің міндетті шарты» семинар- практикум өткізілді. Семинарға магниттік мектеп мұғалімдері -Шұқыркол орта мектебі, Жаманшұбар және Жанасу бастауыш мектептері- шақырылды. Семинар екі бөлімді құрады.
Негізгі бөлімінде «Математикалық сауаттылық жеңіл ме, әлде күрделі ме?» математика мұғалімі Садық А.Б., «Оқу - фукнционалды сауаттылықтың негізі» ағылшын тілі мұғалімі Айткужина Ж.Н. , «Рефлексия түрлері» химия мұғалімі Төрегелді М.А, «Жұптық жұмыс арқылы функционалды сауаттылықты дамыту» бастауыш сынып мұғалімі Ильясова М.Е тақырыбында тәжірибе алмасу мақсатында топтық түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Семинар-практикумда өтілген шеберлік сынып, топтық түсіндірме жұмыстары өз мақсаттарына жетті, мұғалімдер өз ара тәжірибе алмасып, өз ойларын ортаға салып, талқылады.