Меню KDT

logo.jpg?_=1478319640

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Новоишим қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

  • ru
  • kz
  • Мектеп мәзірі

    Мектеп жаңалықтары

    «2021-2022 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы»

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі «2021-2022 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы» № 159 бұйрығын, «2021-2022 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарын және «2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» нұсқалық-әдістемелік хатты негізге ала отырып, 26 мамырдан 17 маусымға дейін білім сапасын арттыру және негізгі пәндер бойынша білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында 1-8 және 10-сыныптар мен 9-сыныптардың (қалауы бойынша) білім алушылары үшін 18 мамыр 2022 жылғы №87 мектеп директоры бұйрығымен Жазғы мектеп жұмысы ұйымдастырылды. Сыныптар бойынша 19.05-26.05 аралығында ата-аналардың өтініші жинақталып, оқушы саны анықталды.
    Жиналған оқушылар саны 215: бастауыш буын – 105, орта мен жоғары буын – 110 оқушы. «Бәйтерек» мөлтік ауданы мен шалғай көшелерде тұратын оқушылар үшін тасымалдау ұйымдастырылды.
    Жазғы мектеп бойынша жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Әр сынып бойынша оқу кабинеттері белгіленді.
    26.05-нен бастап сағат 10:00 –нан 12:40-қа дейін сабақ кестесі бойынша бекітілген мұғалімдер сабақ өткізді. Оқу пәндерінің тізімі - негізгі пәндер (қазақ тілі,әдебиеттік оқу, жаратылыстану, дүниетану, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, тарих, физика, химия, биология, география, информатика.)
    Жазғы мектеп аясында сабақ үстінде әртүрлі жұмыс түрлері өткізілді: оқу сабақтары, жобалық қызмет, зерттеулер, зертханалық жұмыстар, таза ауадағы сабақтар, өлкетану зерттеу экспедициялары, мұражайларға, туған өлкенің көрікті жерлеріне бару экскурсиялары және т.б. Білім алушылардың танымдық ынтасын арттыру мақсатында қосымша ойын-сауық материалдарын, тест тапсырмаларын, шығармашылық сипаттағы дидактикалық материалдарды, аудиовизуалды құралдарды (графика, аудио, бейнематериалдар), презентацияларды, сараланған оқу тапсырмаларын пайдаланды.

    18.07.2022
    0

    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Президент
    Жолдауы

    Директор блогы

    Пайдалы сілтемелер