
Образование
08.02.2022
«Пайдасы бар, зияны одан да зор»
Соңғы жылдары дүниеге келген балалардың планшет, смартфон немесе компьютерге телініп отырғанын жиі көріп жүрміз. Ата-анасының телефонына жармасқан баланың денсаулығына қаншама зиян келіп жатқанын мамандар әр тұсынан айтып келеді. Осы заманауи технологиялардың баланың ермегі ғана болып қалмай, тәрбиелеуші құралы болып та кеткендей.
«Пайдасы бар, зияны одан да зор» тақырыбында А.Р. Идирисованың жетекшілігімен 7 «ә» сынып арасында дебат ойыны өтті.
Мақсаты: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау, ақпараттарды жинау, талдау, сөйлеу шешендіктерін дамыту және тақырыпты тереңірек түсіну.