
Айқын Нұрқатов атындағы Шұқыркөл орта мектебінің»
2021 жылдың 04.10-15.10 күндері аралығында Новоишим қазақ орта мектебінің ресурстық орталығында 7-11 сыныптардың қатысуымен бастапқы сессия жоспарланып, өз жұмысын бастады. Сессияға «Айқын Нұрқатов атындағы Шұқыркөл орта мектебінің» 7-11 сыныптың 33 оқушысы қатысты. Оқу-тәрбие үрдісі бойынша жоспарлар, ресурстық орталықтың жұмыс регламенті мен күн тәртібі бекітіліп, сабақ кестесі дайындалды. Сонымен қатар сабақ беретін пән мұғалімдері анықталынды. 7-11сыныптарда күзгі сессия кезеңінде жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша төмендегі пәндер оқытылды: химия, биология, математика,география, информатика және физика. Бастапқы сессияның алғашқы күндері оқушылардан кіру тесті алынды. Сонымен қоса мектеп психологі А.Жахина сессияның алғашқы күндерінен бастап оқушылардың сессия кезіндегі ой-пікірлерін білу, пәнге деген қызығушылықтарын, көңіл-күйін анықтау мақсатында түрлі тақырыпта сауалнамалар алып, нәтижелеріне талдау жасап отырды. Бұл қорытындылар оқушылардың көңіл-күйлерін, ресурстық орталықтың жұмысына, сабақ барысына деген көзқарастарын көрсетеді, болашақтағы жұмысты қалай өзгертуге болатынына бағыт береді. Күннің екінші жартысында таңдамалы пәндер бойынша жеке және топтық консультациялар ҰБТ-ға дайындық жүргізілді.Сонымен қоса оқушылардың шығармашылық, әскери-патриоттық қабілеттерін дамыту мақсатында сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылды.