
Образование
10.09.2021
"Тіл – ұлы байлық"
6 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдері күніне орай "Тіл – ұлы байлық" атты апталықтың ресми ашылуы өтті. Мақсаты: оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу, үштілділікке үйрету барысында жан-жақты көзқарасын дамыту. Аталған іс-шараны қоғамдық - гуманитарлық бағытының әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Е.Б. Дүйсенбин құттықтау сөздерімен ашып, оқушыларды апталықтың бағдарламасымен таныстырып, барлық іс-шараларға қызығушылықпен қатысуға шақырды.