
«Теңіз шайқасы»; «Тасбақа аралы »; «Сегізаяқ аралы; «Жоғалған кемелер аралы»; «Қара інжу аралы».
1 маусым – халықаралық балалар күніне орай «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де 0-4 сыныптар үшін мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, "Қарлығаш" мектеп жанындағы жазғы лагерінің салтанатты ашылуы өтті. Мерекеге жиналған балаларды қарақшылар «Каріб аралына» саяхат жасауға шақырды. Бірақ Флинт есімді білім қарақшысы бұл аралдың кілтін жоғалтып алыпты. Кілтті табу үшін балалар кемеге отырып, келесі аралдарға тоқтап, түрлі қызықты тапсырмаларды орындады:
«Теңіз шайқасы»; «Тасбақа аралы »; «Сегізаяқ аралы; «Жоғалған кемелер аралы»; «Қара інжу аралы». Соңғы аралда балалар "Флешмоб" биін билеп,
қазынаны іздеуге кірісті.
Нәтижесінде балалар бұтақтардың астынан сандықты алып шығып, кілтті да таба алды. Барлық балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.
Жоспарланған мерекеміз балалардың көнілдерінен шықты.
Ендеше барлық балаларды төл мерекелерімен құттықтаймыз!!!
Болашақ ұрпақ әрқашан бейбітшілікте өмір сүруіне және елін, жерін қорғайтын азаматтар болып өсуіне тілектеспіз!