
Образование
26.08.2021
«Сыңғыр, сыңғыр қоңырау!»
Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді!
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы ісіңмен қуантыңдар енді елді!
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің жаныдағы интернатта «Сыңғыр, сыңғыр қоңырау!» атты мерекелік кеш интернат ұясынан қанат қағып ұшқалы тұрған түлектерге арналып өтті.
Аталмыш кеште интернат тәрбиеленушілері түлектерге арнап өлең жолдарын оқып, би билеп, ән айтты.Түлектер де ортаға өнерлерін салып, кішкентай балаларға өз қолдарымен жасалған сыйлықтарын ұсынып, аманаттарын тапсырды.
Тәрбиеші Байгарина А.Ж. ұйымдастыруымен өткен кеш өте қөңілді және тартымды өтті.