
Образование
28.05.2019
"Сыңғырла, соңғы қонырау" салтанатты мерекесі
25 мамыр күні сағат 10:00 де Новоишим қазақ орта мектебінде "Сыңғырла, соңғы қонырау" салтанатты мерекесі өтті. Аталмыш іс-шараға Ғ.Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасары С.Т. Баумаганбетов қатысты. Биыл мектепті 21 түлек аяқтады. Іс-шарада үздік оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Салтанатты түрде бастауыш және негізгі мектеп бітіруші түлектер ақ және көк түсті шар ұстап шықты. 1 сынып оқушылары өз тілектерін 11 сыныптарға жолдап, флэшмоб биін орындады.Соңғы қонырау соғу құқығы 11 сынып оқушысы Мухтар Ильхан және 1 сынып оқушысы Сансызбай Мерейге берілді.

















