
Образование
15.04.2019
«Бәрі де мүмкін»» зияткерлік-танымдық ойыны
«Бәрі де мүмкін»» зияткерлік-танымдық ойыны
13 сәуір күні Новоишим қазақ орта мектебінде «Бәрі де мүмкін»» зияткерлік-танымдық ойыны өтті. Мақсаты: мектептерде «Қауіпті топ» есебінде тұрған оқушылардың адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық процестер мен адамдық қасиеттерді дамыту.Сонымен қатар оқушыларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру.
Аталмыш ойынға №1 Новоишим орта мектебі, №2 Новоишим орта мектебі, Новоишим қазақ орта мектебі және Ғ. Мүсірепов аудандағы қиын өмірлік жағдайындағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері қатысты. Ойын 5 кезеңдерден тұрды: 1. Таныстыру кезеңі; 2. Логикалық сұрақтар; 3. Спорттық жарыс; 4. «Крокодил» ойыны ; 5. Сурет салу кезеңі.
Нәтижесінде I орынға қиын өмірлік жағдайындағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерінен құрылған «Алые паруса» командасы ие болды, II орынға №1 Новоишим орта мектебінің «Стрела» командасы, III орынға №2 Новоишим орта мектебінің «Знайки» командасы ие болды. Барлық командалар мадақталар мен шағын сыйлықтармен марапатталды.







