
«Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті»
17 қаңтар күні сағат 12.00-де Новоишим қазақ орта мектебінде кәсіби бағдар беру мақсатында мектеп психологі Т.Б Сердалинаның ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушыларына арналған «Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге құрметті қонақтар шақырылды. Олар: Өрт сөндіру бөлімі Елтаев Е.Е, агротехникалық колледж директоры Жусупов С.Қ, ІІБ Биржанова А.О, СКГУ екі шет тілі факультетінің студенттері Божбанбаева Г, Қайыржан Д. Қонақтар өздерінің мамандықтары туралы түлектерге қажетті көп ақпарат берді. Әңгіме арасында оқушыларға арналған бейнероликтер көрсетіліп, сергіту жаттығулары орындалды. Оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарға толық, әрі нақты жауаптар алды. Бұл дөңгелек үстел түлектерге болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға өз үлесін қосатын шаралардың бірі болды.