
Образование
18.01.2019
Кәсіптік бағдар
17 қантар күні №1 Новоишим орта мектебінде 9-11 сынып оқушыларының ата-аналары үшін кәсіптік бағдар бойынша Кокшетау қаласындағы техникалық институтына түсу үшін толық ақпарат берілді.
Бұл іс-шараға СҚО бойынша қауіпті жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныстың басшысы Кангужинов М.С., Ғ. Мүсірепов ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Елеусизов Н.Е., және Ғ. Мүсірепов ауданының қауіпті жағдайлар бөлімінің басшысы Хутинаев В.А. қатысты. Жиналған ата-аналарға және оқушыларға аталмыш оқуға түсу шарттары түсіндірілді, яғни азаматтарды күндізгі оқу түрі бойынша оқуға қабылдау төрт кезеңнен тұрады:
1 кезеңде қабылдау комиссиясы талапкерлердің жеке істерімен танысып, содан кейін ҰБТ және КТ нәтижесі бойынша іріктеу жүргізеді.
2 кезеңде медициналық және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша оқуға түсіге денсаулығының жарамдылығын анықтау мақсатында іріктеу жүргізіледі.
3 кезеңде талапкерлер бекітілген Нормативтерге сәкес дене шыңықтыру дайындығы бойынша сынақтар тапсырады: бағанада тартылу, 100м жүгіру, 3000м жүгіру.
4 кезеңде қабылдау комиссиясы сайыстық іріктеу және Институт курсанттары қатарына қабылдайды, сонымен қатар шет елдердің бейінді оқу орындарына түсуге іріктеу жасайды.