Меню KDT
Edumy - LMS Online Education Course & School HTML Template
14.png?_=1
СОШ №17"

Новости

Главная Новости

"Спорт және СӨС"

"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де
Ауғанстаннан әскерлерді шығаруының 33 жылдығына орай "Спорт және СӨС" фракция мүшелері 7-10 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырып өткізді.

Ауған соғысы

Ауғанстан аумағынан әскерлердің шығарылуы жыл сайын 15 ақпанда атап өтіледі, өйткені дәл осы күні 1989 жылы Ауғанстандағы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің соңғы бөлімшелері Ауғанстан Демократиялық Республикасының аумағынан шығарылды.  Осыған орай АӘД оқытушы- ұйымдастырушы Р.Е.Еслямов 6 - шы  сыныптарға  ақпарат сабағын өткізді.

«Ақпарат және баспасөз»

15  ақпан күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-нің  мектеп Парламентінің «Ақпарат  және баспасөз» фракциясының   мүшелері Кеңес әскерлерінің  Ауғанстан  жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай  дәлізде ақпараттық  стендт  безендірді.

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл

11-15 ақпан күндері "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-нің кітапханасында Б. А. Мамбеталинованың жетекшілігімен Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«Мейірімді жүректер ынтымақтастығы»

2022 жылдың 1-11 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің аясында өткен «Жүректен жүрекке», «Мейірімді жүректер ынтымақтастығы» атты  қайырымдылық акцияларына  ұстаздар қауымы  белсенді қатысып,  аз қамтылған отбасы және  көпбалалы отбасы оқушыларына   кеңсе  тауарларын  сыйға тартты.

«Ән көңілдің ажары»

"Өзін-өзі тану он күндігі. Оқушылардың әнге деген қызығушылығын арттыру, әншілік қабілетін, актерлік өнерін, хореографиялық талантын сынау,  өнерге біртабан жақындату мақсатында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де  өзін- өзі онкүндігі аясында «Ән көңілдің ажары» атты ән фестивалі өтті.

«Балаға жүрек жылуы»

«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің аясында оқушыларға  жақсылықтың бәрі жүректен шығатынын жеткізу мақсатында «Балаға жүрек жылуы»  атты сынып сағаттары өтті.

«Пайдасы бар, зияны одан да зор»

Соңғы жылдары дүниеге келген балалардың планшет, смартфон немесе компьютерге телініп отырғанын жиі көріп жүрміз. Ата-анасының телефонына жармасқан баланың денсаулығына қаншама зиян келіп жатқанын мамандар әр тұсынан айтып келеді. Осы заманауи технологиялардың баланың ермегі ғана болып қалмай, тәрбиелеуші құралы болып та кеткендей.
«Пайдасы бар, зияны одан да зор» тақырыбында А.Р. Идирисованың жетекшілігімен 7 «ә» сынып арасында дебат ойыны өтті.
Мақсаты: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау, ақпараттарды жинау, талдау, сөйлеу шешендіктерін дамыту және тақырыпты тереңірек түсіну.

«Сүйіспеншілік – өмір негізі»

«Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы»  атты онкүндігінің жоспарына сәйкес  2022-ші жылдың 3 ақпан күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханасында Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен  1,2,3-сынып оқушыларының қатысуымен   «Сүйіспеншілік – өмір негізі» тақырыбында рухани әңгімелер өткізілді.  Мақсаты: «сүйіспеншілік», «жақсылық» ұғымдары туралы түсінік беру; барлығын сүйе білуге, сүйіспеншілікпен жақсылық жасауға баулу; балаларды сабырлылыққа, әдептілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Өзін- өзі тану он күндігі

2 ақпан күні кітапханашы  Б.А. Мамбеталинова кітап көрмесі арқылы  оқушыларды рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы С. А. Назарбаеваның қызметі туралы, оның ішінде автордың жазған кітаптары мен Қазақстандық және әлемдік ойшылдардың, педагог-гуманистердің шығармаларымен  таныстырды.

" Өзін- өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы"

2022 жылдың 1 ақпанында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ- де " Өзін- өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы" онкүндігінің ашылуы өтті.
Рухани-адамгершілік тәрбие – адамгершілік келбеті, адамгершілік сана; құндылық сезімдері мен қасиеттері – ізгілік, ар-ұждан, намыс, парыз, сенім, жауапкершілік, бауырмалдық, мейірімділік, адалдық, ынтымақтастық, сияқты құндылықтарды қалыптастырады.
Осыған байланысты біздің мектепте онкүндікті өткізу жоспары құрылып, оқушыларға жарияланды. Сонымен қатар дәлізде ақпараттық стенд безендіріліп, оқушылар және ұстаздар өздеріне ұнаған гүлді таңдап, махаббат педагогикасы туралы ұлы тұлғалардың сөздерін оқи алды.

" Бір шаңырақ астында"

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының " Туған жер" арнайы жобасын іске асыру мақсатында 28 қаңтар күні 1 "Ә" сыныбында сынып жетекші С.Ж.Алгожинаның жетекшілігімен " Бір шаңырақ астында" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларды қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет - ғұрпын сыйлауға үйрету.

Категории

• Нет доступных категорий

Недавние Новости

7.jpg
"Спорт және СӨС"
18.02.2022
7.jpg
Ауған соғысы
18.02.2022
7.jpg
«Ақпарат және баспасөз»
18.02.2022
7.jpg
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл
18.02.2022
7.jpg
«Мейірімді жүректер ынтымақтастығы»
18.02.2022
7.jpg
«Ән көңілдің ажары»
14.02.2022
7.jpg
«Балаға жүрек жылуы»
14.02.2022
7.jpg
«Пайдасы бар, зияны одан да зор»
08.02.2022
7.jpg
«Сүйіспеншілік – өмір негізі»
08.02.2022
7.jpg
Өзін- өзі тану он күндігі
08.02.2022
7.jpg
" Өзін- өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы"
08.02.2022
7.jpg
" Бір шаңырақ астында"
31.01.2022