Меню KDT

logo.jpg?_=1744025293

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Новоишим қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

  • ru
  • kz
  • Мектеп мәзірі

    Мектеп жаңалықтары

    «Қарлығаш» балаларды сауықтыру алаңының IІ маусымдық жұмысы

    19 маусым – 30 маусым аралығында Новоишим қазақ орта орта мектебінде «Қарлығаш» балаларды сауықтыру лагерінің
    ІІ маусымының жұмысы басталды.
    Балаларды шаттыққа бөлейтін жазғы лагерьдің ІІ маусымы да келіп жетті. «Қарлығаш» балаларды сауықтыру алаңының IІ маусымдық жұмысы танысу мерекесінен басталды. Жазғы сауықтыру лагеріндегі балалардың әрбір күндері қызыққа толы өтеді. Мектеп жанындағы «Қарлығаш» сауықтыру лагерінің бірінші күні «Танысу күні» болып белгіленді. Бұл күні балалар лагерьдің ашылу салтанатына қатысып, ұстаздармен техникалық қауіпсіздік ережелерімен және лагерь күн тәртібімен таныстырылды. Балаларды бір – бірімен таныстыру, сыйластыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында «Егер мен... » ойыны, «Мені таныдың ба?» (есте сақтау қабілетін арттыру ойындары), қазақтың ұлттық ойындары (жылдамдық пен тапқырлықты дамыту ), «Отбасым менің байлығым» фотоколлаж жасау ұйымдастырылды.
    Балалар үшін бұл күні ойын-сауықтар ұйымдастырылып, «Сиқырлы қылқалам» әртүрлі суреттер салды. Барлық балалар бір-бірімен танысып, өздеріне жаңа достар тапқанына қуана үйлеріне тарасты.

    20.06.2023
    0

    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Президент
    Жолдауы

    Мектеп директоры Баймагамбетова Балжан Шариповна

    Пайдалы сілтемелер