"Қазақстандағы көптілділік"
Қазақстан халықтарының тілдер күні аясында "Қазақстандағы көптілділік" тақырыбында дебат ойыны өтті. Ойын Ахмет Байтұрсынұлының тіл туралы ойлары берілген бейнероликпен басталды. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі туралы мәліметтер де қамтылды. Ойынға қатысушылар: "Орыс тілі Қазақстанда қажет пе, қажет емес пе?..." , "Шет тілін білетін адам, шет тілін білмейтін адамдарға қарағанда жоғары тұрады деп ойлайсың ба?", " Өзге тілді білу, өз тілімізге зиянын тигізе ме?", "Қазақ тілін білмейтіндердің жалақысын қысқарту керек, сонда ғана бәрі қазақша үйренеді. Дұрыс па?" деген тақырыптар төңірегінде ойларын ортаға салып, сөз таластырды. Ойын спикерлеріне өздері қалаған тілде жауап беруіне рұқсат етілді. Ойынға 9,10,11 -сынып оқушылары қатысты. Ойынның мықты белсенді спикерлер анықталды, олар: Бөкенбай Нұртуған, Абдолла Нұрболат, Болатова Анель, Байтас Мирас, Амангельдыев Ануар.

20.09.2022
0