«Құрсақ шашудың»
«Құрсақ шашу» кішігірім той-думан ретінде аталып өтеді. Мақсаты: қуанышты атап өту және жүкті әйелдің күтіміне баса назар аудару. «Құрсақ шашудың» тамыры тереңде жатыр. Қазақ халқының танымал эпостарының бірі «Алпамыс батырда» осы дәстүрдің сол кездегі қоғамда пайда болғандығы туралы айтылған.
Ағымдағы жылдың 1 мамыр – Қазақстан халықтарының Бірлігі күні «Бірлік» этно-мәдени бірлестігі аудандық мерекелік іс-шарада «Құрсақ шашу» салт-дәстүрін көрсетті.
«Отты жылдар елесін, кітаптан оқып білесің....»
Кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен Ұлы Отан соғысының 77 жылдығы қарсаңында « Отты жылдар елесін, кітаптан оқып білесің....» атты көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесінде Ұлы Отан соғысы жылдардағы өлке тарихының сырын ашатын кітаптар, журналдар жинақталған. Жеңіс жолында ерлік көрсеткен Қазақстандық батырлардың есімдерін ұмытпай, тағзым етуге тәрбиелейтін кітаптар оқуға ұсынылды.
Мақсаты: оқушыларды өз тарихын білуге, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыруда тарихи кітаптарды оқуға қызықтыру.
«Оқуға құштар мектеп»
Сәуір айында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 20 минуттық оқу жалғасуда.
Мақсаты: оқушыларға кітап пен оқуға деген сүйіспеншілікті ояту.
«Достықтың дархан ұясы»
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханашысы Б.А. Мамбеталинова «Достықтың дархан ұясы» атты кітап көрмесін ұйымдастырса , "Ақпарат және баспасөз" фракциясының мушелері тақырыпқа сай ақпараттық стенд безендірді.
Мақсаты: ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.
"Бір шаңырақ астында"
29 сәуір "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай " Бір шаңырақ астында" атты достық фестивалі өтті. Аталмыш іс-шарада 1-11 сынып оқушылары 21 ұлт өкілдерін ұсынды.
"Бізге бейбітшілік керек!"
"Балалар жылы" аясында 2022 жылдың 28 сәуір күні Новоишим қазақ орта мектебінің 1-2 сынып оқушылары жоспарға сәйкес "Бізге бейбітшілік керек!" тақырыбында асфальтта суреттер салды.
«Абайланыз, алаяқтар!»
Еріктілер клубының мүшелері «Абайланыз, алаяқтар!» акциясы аясында алаяқтардың құрбанына айналмау және жақындарын қалай қорғау керектігі туралы ақпараттық- насихаттық парақшалар таратты.
Көктемгі мейірімділік апталығы
18.04-22.04.2022 ж. аралығында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де көктемгі мейірімділік апталығы өтті.
"Қазіргі замандағы заманауи технологиялар"
Новоишим қазақ орта мектебінің өзін- өзі басқару ұйымы "Қазіргі замандағы заманауи технологиялар" челленджіне қатысты.
Ресурс орталық оқушыларымен атқарылған жұмыста
18 сәуір күні ресурс орталығына келген Шұқыркөл орта мектебінің оқушыларымен мектеп психолігі Берденова М.А жоспарға сай жұмыс жүргізді. Ұжымның ішінде жағымды психологиялық ахуал орнату мақсатында, ең алдымен ,оқушылармен «Танысу» психологиялық тренингі өткізілді.. Баланы қуана білуге, өз айналасындағы жағымды істерді қабылдай білуге үйретілді. Оқушыларды жалпы мектеппен, кітапхана және ашық мұражаймен таныстырылып, саяхат ұйымдастырылды. Сонымен қоса 7 -сынып оқушылары химия және биология пәндері бойынша «Эрудиттер» сайысына қатысып, өздерінің білімдерін көрсете білді.
19 сәуір күні 8-сынып оқушылары « Физика-еліне саяхат» атты физикадан кешке қатысып өз білімдерін шыңдай түсті. Оқушылардың бос уақыттарында сыныптан тыс іс – шаралар ұйымдастырылды. Ресурстық орталық оқушыларымен волейбол, теннис және тоғызқұмалақ ойындарынан жарыс өткізілді. Жеңімпаздар марапатталды.
20 сәуір күні 9 сынып оқушылары математикадан « Ойлан, ізден тап» 9-10 сынып оқушыларына арналған викториналақ кешке қатысты. Мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен қоса ресурстық орталық оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмысы жоспарланып, Новоишим елді мекенінің агротехникалық колледжі мен «16 Өрт сөндіру» бөлімене және қосымша білім беру мекемесі «Өнер мектебіне» саяхат ұйымдастырылды. Агротехникалық колледж ұстаздары оқушыларды қандай мамандықтар бар екенін және материалдық-техникалық базамен таныстырды. Өрт сөндіру бөлімінде оқушыларға дабыл қоңырауы келген кезде рациямен қалай жұмыс істеу керектігін және компьютермен байланысын көрсетті, газ тұмылдырығын киюді көрсетті, өз жұмыстарының қыр –сырымен және қандай қалада оқуға болатынын түсіндірді. Өнер мектебінде қандай үйірмелер бар, оқу бөлмелерін, материалдық техникалық базамен оқушыларды таныстырып, қызығушылықтарын арттырды. Сессия барысында 9-сынып оқушылары қорытынды аттестацияға дайындық консультацияларына күнделікті қатысып отырды.
21 сәуір 3 сессия барысында «Квест» ойыны ұйымдастырылды. Ойынына қатысу үшін оқушылар сынып бойынша 3 топқа бөлінді. Әр команда бағыт парақшасы арқылы баратын станцияны тауып, берілген тапсырманы орындау керек болды.

«Айқын Нұрқатов атындағы Шұқыркөл орта мектебінің»
Новоишим қазақ орта тірек мектебі (РО) екінші сессиясы 18.04-22.04.2022ж. аралығында 1 магниттік мектебімен өтілді. Атап айтсақ, сессияға «Айқын Нұрқатов атындағы Шұқыркөл орта мектебінің» 7-9 сыныптың 21 оқушысы қатысты. Сессия оффлайн форматта өтті.
«Кітап-біздің досымыз»
22- ші сәуір күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен 7 - сынып оқушылар арасында «Кітап-біздің досымыз» тақырыбында сайыс ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың білімге және кітап оқуға қызығушылығын арттыру, тіл байлығын дамыту.