Меню KDT
Edumy - LMS Online Education Course & School HTML Template
14.png?_=1
СОШ №17"

Новости

Главная Новости

«Менің сүйікті ақыным»

13 мамыр күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханашы Б.А.Мамбеталинованың жетекшілігімен 8-10 сынып оқушылар арасында «Менің сүйікті ақыным» атты көркемсөз сайысы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, дауысты өлеңнің ой - мазмұнына сай баяу, жігерлі оқу немесе тілек, сұрақ, көңіл- күйді көтеріңкі үнде оқи білу машықтарын байқау, бағалау. Балалардың дүниетанымын дамыту, өлең сөзге деген қызығушылықтарын арттыру. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

"Бояулар әлемі"

"Спорт пен өнер-егіз ұғым" атты өнер,әскер, спорт апталығы аясында 13-мамыр "Бояулар әлемі" күні Новоишим қазақ орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары үзіліс кезінде классикалық әуен сүйемелдеуімен шығармашылықпен айналысуда.

"Караоке -баттл"

" Спорт пен өнер- егіз ұғым" апталығы аясында 12 мамыр күні 5-7 сынып оқушылары арасында  "Караоке -баттл" сайысы өткізілді.

"Спорт пен өнер-егіз ұғым"

11 - 20 мамыр аралығында " Спорт пен өнер-егіз ұғым" атты өнер, әскер және спорт бірлестігінің онкүндігі басталды. "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру, ҚР "Балалар жылын" мерекелеу шеңберінде, апталық аясында оқушылардың спортқа,әскерге және өнерге деген қызығушылықтарын ескере отырып, әрбір оқушының бойында шығармашылық қасиеттерін дамыту мақсатында жоспар құрылды.
11 мамыр күні сап түзеуде апталықтың ашылу салтанаты өтіп, жоспармен таныстырылды.

«Балаларға соғыс туралы оқимыз»

Жеңіс күнін мерекелеу,  «Оқуға құштар  мектеп» жобасы аясында мектептің кітапханашысы Б. Мамбеталинова мектептің өзін-өзі басқару  мүшелерімен бірге «Балаларға соғыс туралы оқимыз» челленджіне қатысты.

«Ұранды елдің ұрпағы менмін!»

6 мамыр күні  сынып жетекші  З.Қ. Баумағанбетованың жетекшілігімен 1 ә сыныбында «Ұранды елдің  ұрпағы менмін!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.  Мақсаты: тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландардың  бойында Отанға және туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру;   өз елін, өз жерін  қадірлеуге, сүюге, қорғауға  тәрбиелеу.

«Мен әкеме ұқсағым келеді»

Отан  қорғаушылар күніне орай  Новоишим қазақ орта мектебінің  3 а,ә сынып оқушылары «Мен әкеме ұқсағым келеді»  онлайн-фотосуреттер көрмесіне қатысты.

«Мен әскерде қызмет етемін»

Отан қорғаушылар күніне орай жоспарға сәйкес 4 а,ә сынып оқушылары «Мен әскерде қызмет етемін» атты сурет көрмесіне қатысты.
В честь Дня защитника Отечества по плану учащиеся 4а, ә классов приняли участие в фотовыставке « Я буду служить в армии».

Отан қорғаушылар күні

6 мамыр күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің  9 сыныптың 10  оқушысы 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсанында  ұйымдастырылған іс-шараға қатысты.  Алдымен оқушылар  мәдениет үйінде Отан қорғаушылар күніне арналған бейнефильмді тамашалап, содан кейін Ғ.Мүсірепов  атындағы аудандық ішкі істер бөліміне экскурсия жасады. Іс-шара барысында  полиция қызметкерлері оқушыларды  өз  мамандығымен  жан-жақты таныстырып,  жұмысының қыр-сырын ашты.

«Ер жігіт – ел қорғаны»

Кітапханашысы Б. А. Мамбеталинова 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ер жігіт – ел қорғаны» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Мақсаты: оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.

«Ауғанстан – жазылмаған жара»

«Патриот» әскери-патриоттық акциясы аясында кітапханашы
Мамбеталинова Б.А. өскелең ұрпаққа Ауған соғысы туралы шындықты жеткізу, жерлестеріміздің интернационалдық борышын өтеудегі ерлік істерін дәріптеу мақсатында «Ауғанстан – жазылмаған жара» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

«Ғажайып Майя және оның достары»

Мектеп психологі  Берденова М.А Эмоцияларды басқару –«Ғажайып Майя және оның  достары» комиксі бойынша оқушыларды әлеуметтік-эмоцияналды оқыту бағдарламасының 3циклын 5ә сынып оқушыларымын өткізді.

Категории

• Нет доступных категорий

Недавние Новости

7.jpg
«Менің сүйікті ақыным»
16.05.2022
7.jpg
"Бояулар әлемі"
16.05.2022
7.jpg
"Караоке -баттл"
16.05.2022
7.jpg
"Спорт пен өнер-егіз ұғым"
16.05.2022
7.jpg
«Балаларға соғыс туралы оқимыз»
11.05.2022
7.jpg
«Ұранды елдің ұрпағы менмін!»
11.05.2022
7.jpg
«Мен әкеме ұқсағым келеді»
11.05.2022
7.jpg
«Мен әскерде қызмет етемін»
11.05.2022
7.jpg
Отан қорғаушылар күні
11.05.2022
7.jpg
«Ер жігіт – ел қорғаны»
11.05.2022
7.jpg
«Ауғанстан – жазылмаған жара»
11.05.2022
7.jpg
«Ғажайып Майя және оның достары»
11.05.2022