«Демаламыз, күлеміз. Көңілді өмір сүреміз!»
26 мамырдан бастап жоспарға сай « Жазғы мектеп» өз жұмысын бастады. Жазғы мектепке жалпы 215 оқушы , оның ішінде 1-4 сыныптар аралығында 105 оқушы, 5-10 сыныптар аралығында 110 оқушы қамтылды. Жазғы мектептің алғашқы күні кестеге сай қойылған сабақтар бойынша оқушылардан кіру тесті алынды.
26-27 мамыр күндері бастауыш сынып оқушылармен мектеп психологі Жахина А.М «Кел танысайық», «Демаламыз, күлеміз. Көңілді өмір сүреміз!» атты тренингтерін өткізді. Сонымен қатар сынып жетекшілері салауатты өмір жолын дәріптеу мақсатында спорттық ойындар және шығармашылық ой-өрістерін дамыту мақсатында «Менің бақытты балалаық шағым» атты сурет байқауын өткізді.
«Жазғы мектеп»
26-27 мамыр күндері «Жазғы мектеп» аясында алғашқы әскери және технологиялық дайындық жұмыстарын өткізу жоспарына сай 7-8 сынып оқушыларымен Еслямов Р.Е АК-47 жартылай бөлшектеу және жинақтау жұмыстарын өткізді. 5-7, 8-10 сыныптар арасында волейболдан мектепішілік жарыс өткізді. 5 сыныптармен Сапарғали Ш.Ө жоспарға сай роботпен танысу және робот жинау жұмыстарын өткізді. Сонымен қатар мектебмізде шағын кинотеатр бөлмесі ұйымдастырылды. Оқушылар күннің соңында қызығушылықтары бойынша мультфильмдер мен фильмдер тамашалайды.
«Сыңғырла, соңғы қоңырау!»
25 мамыр күні Новоишим қазақ орта мектебінде «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиыны өтті.
Жиынға Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Құрмет азаматы- Тастемиров А. А.А, аудан әкімінің ауыл шаруашылығы және экономика мәселелері жөніндегі орынбасары – Баумағанбетов С. Т., аудандық білім бөлімінің әдіскері Кусаинова Г.М. қатысты. Мектеп директоры Сүйесінова С.Т. түлектерді, ұстаздар қауымын және жиналған оқушылар мен ата-аналарды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, «Балалар жылы» аясында мектептің атын облыс, республикалық көлемінде танытқан оқушыларға мадақтамаларды табыс етті.
Мектеп бітіруші түлектерге балғын жас бүлдіршіндер 1 - сынып оқушылары сәт сапар тілеп, тақпақтарын оқыды.
Мектеп аманатын тапсыру рәсімі 11- сынып оқушылары Рахимова Самал мен Шонанаева Махаббатқа, аманат қабылдап алу құрметі 10-сынып оқушылары Бөкенбаев Нұртуған мен Шарбекова Мадинаға берілді.
Білім кілтін 11 сынып түлектері Серікбай Данагүл мен Ермекова Тамирис 1 сынып оқушылары Сайлау Ернар мен Аяған Нұрсаяға табыс етті.
Соңғы қоңырау соғу құқығы бітіруші түлек Исаев Алиасқар және 1-сынып оқушысы Серікпай Ақботаға берілді.
Мерекенің 2-ші бөлімі мектеп бітіруші түлектердің ұстаздарына арналып шығарылған арнау өлең, ән – жырларымен, бимен акт залында жалғасты.
Осылайша сыңғырлаған қоңырау үнімен қоштасқан мектеп бітіруші түлектер ұстаздар қауымымен қимай қоштасты. Мерекелік жиын өте жоғары дәрежеде өтті.
«Елдіктің ерен белгісі – рәміздер»
1992 жылдың 4 маусымында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері туралы» Заңға қол қойды. Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік рәміздеріміз - ту, елтаңба және әнұранымыздың алғаш рет бекітілген күні болып қалды.
Ал 2007 жылдың 4 маусымынан бастап, қазақстандықтар бұл күнді мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекелей бастады.
ҚР Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу қарсаңында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен «Елдіктің ерен белгісі – рәміздер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – оқушыларға қазақстандық патриотизм, Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық жетістіктерін кеңінен дәріптеу және дамыту, Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген құрмет сезімін қалыптастыру.
"Ұранды елдің -ұрпағы қайсар"
"Ұранды елдің -ұрпағы қайсар" атауымен өнер,әскер, спорт апталығы аясында 17 мамыр күні Новоишим қазақ орта мектебінің 9 сынып оқушыларымен үзіліс кезінде алғашқы әскери дайындық жұмыстары ұйымдастырылды. Оқушылар автоматты жинап,бөлшектеуге және ОЗК-ні киюді үйренді.
"Спорт пен өнер-егіз ұғым"
16 мамыр күні "Спорт пен өнер-егіз ұғым" атты өнер,әскер, спорт апталығы аясында Новоишим қазақ орта мектебінің 5-6 сынып оқушылары арасында үзіліс кезінде ұлттық ойындар дан жарыс, түстен кейін волейболдан жарыс ұйымдастырылып өткізілді.
«Өмір сүр, жер!»
Балалар жылын мерекелеу, «Өмір сүр, жер!» республикалық экологиялық акциясы аясында « Новоишим қазақ орта мектебі» КММ- нің мектеп парламентінің мүшелері мектеп аумағын қоқыстан тазалауға қатысып, гүл отырғызу үшін гүлзарларды қазды.
"Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер"
Балалар жылы, ДДҰ-ның "Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер" жобасын іске асыру шеңберінде 2022 жылдың 13 сәуір күні 2 Новоишим орта мектебі" КММ-нің ұйымдастыруымен волейболдан орталық мектептер мен НАТК командаларының шақырылуымен жолдастық кездесу өткізді.
«Түлектер аллеясына»
Табиғатты қорғау үшін бәріміз,
Күресейік, бір - бір ағаш егейік.
Текке отырмай, жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік....

Жер тоңы жібіп, алғашқы көк дүркіреп шыға бастаған кезде шыбық қадап, тал отырғызу – сауапты іс.
Балалар жылын мерекелеу, «Өмір сүр, жер!» республикалық экологиялық акциясы аясында , балалықтың бал дәуренімен қоштасып, алтын ұя мектептен қанат қағып ұшар сәтте 2022 жылдың 13 мамыр күні Новоишим қазақ орта мектебінің түлектері «Түлектер аллеясына» өз үлесімізді қосу- ең басты міндетіміз деген мақсатпен мектебіміздегі аллеяны кеңейтіп, «Түлектер аллеясына» көшеттерді отырғызу науқанына белсенді атсалысты. Сонымен қатар аталмыш акциясына аудандық «Аманат» партиясы филиалының атқарушы хатшысы Сапанов Б.А., қамқоршылық кеңесінің төрайымы Сеитова Н.Ж., мектеп әкімшілігі қатысты.
" Ата-аналарға қоңырау шал "
Халықаралық Отбасы күнін ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес " Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де мектеп парламентінің мүшелері " Ата-аналарға қоңырау шал "акциясын өткізді.
«Оқуға құштар мектеп»
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 20 минуттық оқу жалғасуда.
"Анам, әкем, мен - бақытты отбасы"
Халықаралық Отбасы күні аясында Новоишим қазақ орта мектебінің 3 сынып оқушылары "Анам, әкем, мен - бақытты отбасы" ұранымен асфальтта сурет салу байқауына қатысты.