Меню KDT
Edumy - LMS Online Education Course & School HTML Template
14.png?_=1
СОШ №17"

Новости

Главная Новости

9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі

"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Мектептен 13 оқушы қатысты. Соның ішінде 1 -орынға Әділхан Дамир(қазақ тілі мен әдебиет), Тастемиров Аят (орыс тілі), Әлімқұлова Әсия (өзін-өзі тану) ие болды. 2 орынға Рахимова Самал (георграфия), Нұрғалиев Мадияр (Қазақстан тарихы). 3 орынға Қорғанбек Алуа(математика), Букенбаев Нұртуған(физика), Максутова Айымжан(қазақ тілі мен әдебиеті), Шекетаева Жанель (орыс тілі), Серікбай Данагүл ( ағылшын тілі), Тұрсын Әли ( Қазақстан тарихы). Оқушылар марапатталып, бағалы сыйлықтар алды.
1 орын алған оқушылар облыстық кезеңге өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекет басшысы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады.
Әлібек Қуантыров Президент тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндады. Атап айтқанда, Халықтың табысын арттыру бағдарламасы мен Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі кешенді шаралардың жүзеге асырылуы туралы сөз болды.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауы аясында еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту жөнінде нақты міндет жүктеді. Қазіргі уақытта комиссия жасақталып, жаңа облыстарды құру жұмыстарының алгоритмі әзірленді.
Мнение членов АНК СКО о Послании Президента РК

СҚО ҚХА мүшелерінің ҚР Президентінің жолдауы туралы пікірі

Президент Жандарбек Мәлібекұлын 80 жылдық мерейтойымен құттықтады

Президент Жандарбек Мәлібекұлын 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Мемлекет басшысы өз құттықтауында Жандарбек Мәлібековтің Тәуелсіз Қазақстан мен елорданы құру және дамыту ісіне сіңірген еңбегін атап өтіп, оған зор денсаулық, шығармашылық шабыт және отбасына амандық тіледі.

Қазақ халқының салт дәстүрлері

17 наурыз күні интернат тәрбиеленушілері Наурыз мейрамын атап өтті. Кеш барысында "Тұсау кесер", "Беташар", "Балаға аты қою", "Саумалық", Шашу" салттары көрсетілді.
Ұлттық ойындар ойналды.
Балтабай Аяулым "Наурыз" биін биледі, Нұралы Нұркелді "Мен қазақпын" атты әнің орындаса, Санай Аружан мен Құрман Камила "Наурыз көктем" әнің ортаға салды. Кішкентай ұлдарымыз ",Адай" биін биледі. Мерекелік кеш өте тартымды өтті.

Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің 120 жылдығына арналған кітап көрмесі

«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен қазақ жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, драматург, академик Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің 120 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты:
Ұлттық әдебиеттің қалыптасуы мен өркендеуіне үлес қосқан қазақтың ұлы жазушысы Ғ. Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығын, бай әдеби мұрасын насихаттау.

Наурыз мейрамына арналған кітап көрмесі

Көктем мерекесі қарсаңында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханасында Наурыз мейрамына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Наурыз мейрамын тойлау тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қазақтың ұлттық киіз үйі, ұлттық тағамдар туралы кітаптар қойылды.
Наурыз-қазақтар үшін де, Азияның көптеген халықтары үшін де бес мың жылдан астам уақыттан бері атап өтіліп келе жатқан басты мереке. Наурыз-көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың басталуы, жаңа өмір.

"Қош келдің, Наурыз"

19 наурыз күні Новоишим қазақ орта мектебінде 5-11 сынып оқушылардың қатысуымен  "Қош келдің, Наурыз" атты мерекелік бағдарлама өтті. Іс- шара барысында салт- дәстүрлер, ән, би және ұлттық ойындар ойнатылды. Мереке оқушылардың көңілдерінен шықты.

"Бірлік пен келісім жолында"

19 наурыз күні 0-4 сыныптарда Наурыз мерекесіне арналған  "Бірлік пен келісім жолында" атты сынып сағаттары өтті.  Оқушылар қызығушылық танытып, белсенді ат салысты.

"Қош келдің, Наурыз"

16-18 наурыз күндері Новоишим қазақ орта мектебі жанындағы "Қызылжар" шағын орталығының барлық топтарда "Қош келдің, Наурыз" атты мерекелік ертеңгіліктер өтті. Балалар ұлттық салт- дәстүрлерді тамашалап, ән айтып, би билеп бар өнерлерін ортаға салды.

«Мейірімді жүріктер»

«Наурыз мейрамы» мерекесі қарсаңында Новоишим қазақ орта мектебінің «Мейірімді жүріктер» қозғалысының мүшелері  Бекенов  жалғызбасты зейнеткерлерге іргелес аумақты қардан тазалауға көмек көрсетті.

Тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия

15  наурыз , яғни ұлыстың ұлы күні  Наурыз мейрамы қарсанында, Новоишим қазақ орта мектебі» КММ- нің  оқушылары үшін ауданның тарихи-өлкетану  мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.Экскурсияның мақсаты: оқушылардың танымдық қызметін дамыту үшін жағдай жасау, мұражай туралы түсініктерін қалыптастыру, оқушылардың туған өлкесінің тарихы туралы білімдерін кеңейту және тереңдету.  Туған жерге деген сүйіспеншілікті, ата-бабаларымызды құрметтеуді, аудан тұрғындарына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

«Оқуға құштар мектеп»

15- ші наурыз күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен 5 - сынып оқушылар арасында «Кітап-білім бұлағы» тақырыбында сайыс ұйымдастырылды.
Мақсаты:
Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімінің пайдасы жөнінде түсіндіру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оны күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Категории

• Нет доступных категорий

Недавние Новости

7.jpg
9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі
29.03.2022
7.jpg
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауы
29.03.2022
7.jpg
Президент Жандарбек Мәлібекұлын 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
24.03.2022
7.jpg
Қазақ халқының салт дәстүрлері
24.03.2022
7.jpg
Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің 120 жылдығына арналған кітап көрмесі
24.03.2022
7.jpg
Наурыз мейрамына арналған кітап көрмесі
24.03.2022
7.jpg
"Қош келдің, Наурыз"
24.03.2022
7.jpg
"Бірлік пен келісім жолында"
24.03.2022
7.jpg
"Қош келдің, Наурыз"
24.03.2022
7.jpg
«Мейірімді жүріктер»
24.03.2022
7.jpg
Тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия
24.03.2022
7.jpg
«Оқуға құштар мектеп»
24.03.2022