Коучинг тақырыбы:Дарынды және талантты оқушыларды қалай анықтаймыз?

02.11.2022 ж мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Киражова Гульзира Толегеновна мұғалімдерге коучинг өткізді. Коучинг тақырыбы:Дарынды және талантты оқушыларды қалай анықтаймыз? Мақсаты:Сыныпта дарынды және талантты оқушыларды анықтау.

«Лессон стади» коучингі

Новоишим қазақ орта мектебінде 2022 жылдың 2 қарашасында «Лессон стади» коучингі өтілді. Мақсаты: мұғалімдердің кәсіби деңгейін жоғарлатуда, бірлесіп оқушыларды жан - жақты зерттеу арқылы жұмыс жасайтын педагогикалық тәсіл туралы білуге, тәжірибе алмасуға және өз жұмысына рефлексия жасауда Lesson Study құрал ретінде пайдалануға болатынын түсінуіне мүмкіндіктер жарату.

Мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес 1,5,10 сыныптарда бейімделуін бақылау жүргізілді

Мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес 1,5 және 10 сыныптарда бейімделу кезеңін бақылауы жүргізілді. Мақсаты: оқушылардың оқуға дайындық деңгейін, бейімделу кезеңін ұйымдастыру деңгейін бағалау. Тексеру барысында құжаттаманы зерделеу, мұғалімдермен әңгімелесу, сабаққа қатысу, ата-аналар жиналысына қатысу жүргізілді.
Мектебімізде 1,5, және 10- сынып оқушыларын мектепке бейімдеу үшін қолайлы жағдайлар жасалды. Оқу жылының басында ата-аналар жиналысы өткізілді, онда бейімделу кезеңінде оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктері туралы мәселелер талқыланды.

«Қазақстан университеттеріне виртуалды саяхат»
31 қазан 2022 жылы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де күзгі демалысты ұйымдастыру жоспарына сай балаларға Кәсіптік бағдар беру мақсатында кәсіптік бағдар беруші Т.Б Сердалинамен «Қазақстан университеттеріне виртуалды саяхат» ұйымдастырылды. Жоғары сынып оқушылары ЖОО шолу жасалатын ссылкалар арқылы, қажетті университетпен таныса алды. Балалар ЖОО ғимараттары, факультеттері, оқу залдары, кітапханалары, мұражайлары т.б туралы ақпарат ала алды.
«Нашақорлық соңы қорлық» туралы бейнеролик
Новоишим қазақ орта мектебінде 2022 жылдың 26 - 28 қазан аралығында әлеуметтік ұстаз А.Н.Байбулатованың ұйымдастыруымен 8 - 10 –сынып оқушыларына «Нашақорлық соңы қорлық» туралы бейнероликтер көрсетілді. Мақсаты: оқушыларға темекі мен нашақорлықтың зияны туралы түсіндіру. Жалпы 80 оқушы қамтылды.
Республика күні мерекелік іс-шара
Республика күніне орай Новоишим қазақ орта мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілерге арналған "Қазақ елі - менің Отаным" атты мерекелік бағдарлама өтті. Мақсаты: оқушыларды өз Отанын сүюге,қазақ екенін ,Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт- дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу.Елінің Туын,Елтаңбасын,Әнұранын қастерлеуге, өз елін,тегін,тарихын білуге тәрбилеу.
«Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбындағы бірыңғай эссе күн
Новоишим қазақ орта мектебінде 2022 жылы 19 қазан күні Республика күніне орай Ғылым және жоғары білім Министрлігі жариялаған «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбындағы бірыңғай эссе күні өткізілді. Мақсаты: оқушылар бойында азаматтық сана-сезімін дамытуға, оның ел тағдырына қатыстылығы мен болашағы үшін жауапкершілігін тәрбиелеуге бағытталған.
Мектепішілік бірыңғай эссе күніне 5-11- сынып оқушыларынан 248 оқушы қатысты. Оқушылар өз жұмыстарында Қазақстанның болашағына және оның осы болашақты қалыптастыруға қатысуына қатысты көзқарасы мен үміттерін бейнеледі. Еркін ойлады. Болашақты модельдеді.
"Тілек ағашы"
4-6 сынып оқушылар арасында оқушылардың бір-біріне деген тілектерін, жылы лебіздерін білдіру мақсатында -6 сынып оқушылар арасында оқушылардың бір-біріне деген тілектерін, жылы лебіздерін білдіру мақсатында «Тілек ағашына» тілектерін жазып жабсырды. #психологиялықДенсаулықдекадасы_СКО тілектерін жазып жабсырды. #психологиялықДенсаулықдекадасы_СКО
«Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты кітап көрмесі
2022 жылдың 20 қазан күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен 25 қазан – Республика күніне орай «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы күніне арналған әскери-спорттық үшсайыс
2022 жылдың 20 қазан күні Қазақстан Республикасы күніне арналған әскери-спорттық үшсайыс бойынша «№2 Новоишим ОМ» КММ командасымен жолдастық кездесу өтті.
Жарыс 3 түрлер бойынша өтті: АК-74 бөлшектеу- құрастыру, оқ ату және күш жаттығулары (тартылу, денені жатып көтеру).
Кәсіптік таңдау-маңызды іс»
Қазан айында Новоишим қазақ орта мектебінде кәсіби бағдар беруші Сердалина Т.Б ұйымдастыруымен «Кәсіптік таңдау-маңызды іс» деген атаумен ақпараттық бұрыш жаңартылды. Бұрышта оқушыларға қажетті жадынамалар, кеңестер, фотосуреттер ілінген
«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»

Новоишим қазақ орта мектебінде 2022 жылдың 11 қазан күні қыздар мерекесіне орай мектеп психологі, әлеуметтік ұстаз және мектеп медбике жетекшілігімен 8-10 сынып қыздарымен «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Жасөспірім қыздарға дәріс, кеңестер беріліп, бейнероликтер көрсетілді.