Меню KDT
Edumy - LMS Online Education Course & School HTML Template
14.png?_=1
СОШ №17"

Новости

Главная Новости

"Табиғатты қорғайық"

7 маусым 2022 жылы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де  жазғы лагерь аясында балалар күнді серпімді әуен ырғағымен "Жаттығу жасауды ұмытпа" тақырыбында   таңертеңгі жаттығулар жасап бастады. Сонымен қатар қоршаған ортаны сүю ,табиғатты қорғау, өсімдіктер мен жануарларды күте білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында "Табиғатты қорғайық" тақырыбында сурет салып, "Эстафеталық жалау" ойындарын ойнады.

«Көз алдына елестетіп көрсету»

7 маусым күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен 5, 6 – сыныптар арасында «Көз алдына елестетіп көрсету» пантомима ойыны ұйымдастырылды.
Мақсаты: Пантомимикалық дағдыларын дамыту.
Музыка әуенімен әдемі қозғалуға,өз эмоциясын би қимылдары арқылы көрсете білуге және пантомимикалық этюдтар шақыру.

«Бала еңбегі»

6 маусым күні әлеуметтік ұстаз А.Байбулатованың ұйымдастырылуымен 6-8 сыныптар арасында «Бала еңбегі» атты сауалнама алынды. Сауалнамаға қатысқан оқушылардың барлығы үй шаруасына көмектесетін, көп уақыт дем алатын, көңіл-күйлері жақсы балалар болып шықты.

"Көңілді старт"

6 маусым 2022 жылы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де  Балалар жылы бағдарламасы және жазғы мектеп аясында дене шынықтыру пәні мұғалімдері  Сердалин Р.Е. мен Узаков Е.Н. жетекшілігімен 5-7 сыныптар арасында   "Көңілді старт" жарысы өтті. Мақсаты: оқушыларды ұйымшылдыққа, бір- бірін құрметтеуге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстану.

«Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес»

2022 жылдың маусымның 1-12 күн аралығында «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» Ұлттық ақпаратты кампаниясы оңкүндігінің  аясында мектеп кітапханашы Б.Мамбеталинованың жетекшілігімен көрме ұйымдастырылды.

«Мен мемлекеттік рәміздермен мақтанамын»

Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы аясында Новоишим қазақ орта мектебінің   оқушылары «Мен мемлекеттік  рәміздермен мақтанамын» мәнерлеп оқу челленджіне қатысты.

«Түнгі қаладағы балалар»

4 маусым күні әлеуметтік ұстаз А.Байбулатова және мектеп психологі М.Берденованың ұйымдастырылуымен «Демалыс» «Жасөспірім» «Түнгі қаладағы балалар» ауданның мейрамханаларына, көшелерінде рейд өткізілді.

«Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышыз»

Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде мектептің алар орны ерекше.
4 маусым – Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы аясында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышыз» атты салтанатты мерекелік бағдарлама өтті. Сағат 10.00-де мемлекеттік Әнұран орындалғаннан кейін, 4 сынып оқушылары патриоттық сезіммен Әңұран, Ту, Елтаңба туралы тақпақтарды мәнерлеп оқыды. 1 а сынып оқушысы Ғалымжан Дәрия «Тәуелсіздік ел ұраны» әнін, ал 2 а сынып оқушысы Айнадин Айсұлтан «Еліме арнайын» әнін жоғары дәрежеде орындады. 4 ә сынып оқушылары «Айша-бибі домалақ» қазақ биін биледі. Мекерекелік бағдарламаның 1-ші бөлімі «Біз бақытты Қазақстан ұрпағымыз!» әнімен аяқталды.
2-ші бөлімінде барлық қатысқан оқушылар «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында акварельмен, түрлі түсті қарындаштармен сурет салды.
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым 2022 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай аудандық аланыңда  өткен салтанатты жиынға Новоишим қазақ орта мектебінің ұжымы белсенді қатысты.

«Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес»

3 маусым күні мектеп психологі М.Берденованың ұйымдастырылуымен  «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» Ұлттық ақпараттық компаниясы туралы брошюра таратылды.

"Мен батыр баламын"

3 маусым күні 2022 жылы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де жазғы лагерь аясында  "Мен батыр баламын" атты дамыту сабағы өтті.Оқушылар кітапханада батырлар туралы кітаптарды қызықтап оқып,танысты.Өз ойларымен бөлісіп,бір-бірімен пікір алмасты.

Балалар жылы және Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру

3 маусым 2022 жылы Балалар жылы және Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында Новоишим қазақ орта  мектебінің 2-4 сынып оқушылары  сынып жетекшілерімен  табиғатқа шықты. Таза ауада оқушылар әр түрлі ойындар ойнап, демалып, жақсы көңіл күй мен әсер алды.

Категории

• Нет доступных категорий

Недавние Новости

7.jpg
"Табиғатты қорғайық"
14.06.2022
7.jpg
«Көз алдына елестетіп көрсету»
14.06.2022
7.jpg
«Бала еңбегі»
14.06.2022
7.jpg
"Көңілді старт"
14.06.2022
7.jpg
«Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес»
14.06.2022
7.jpg
«Мен мемлекеттік рәміздермен мақтанамын»
14.06.2022
7.jpg
«Түнгі қаладағы балалар»
14.06.2022
7.jpg
«Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышыз»
14.06.2022
7.jpg
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні
14.06.2022
7.jpg
«Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес»
14.06.2022
7.jpg
"Мен батыр баламын"
14.06.2022
7.jpg
Балалар жылы және Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру
14.06.2022