Меню KDT
Edumy - LMS Online Education Course & School HTML Template
14.png?_=1
СОШ №17"

Новости

Главная Новости

Мемлекет басшысы Үндеуіне қолдау

Мемлекет басшысы Үндеуіне қолдау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен 2022 жылдың 14 шілдесі күні Үкіметтің кеңейтілген отырысы бейнебайланыс режимінде болып өтті. Бұл отырыста еліміздің әртүрлі салалары бойынша көптеген өзекті мәселелер қарастырылды. Атап айтатын болсақ мемлекет басшысы ең алдымен ел экономикасы жайлы  мәселелерге тоқталды. Еліміздің күрделі геосаяси сын-қатерлерге қарамастан, бірқалыпты дамып келе жатқанын атап өтті. Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша экономика 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өскен. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерілеу бар.

Отырыс барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелері мен өңірлер әкімдерінің назарын халықты алаңдатқан бірқатар өзекті мәселені шешу қажеттігіне аударды. Президент инфляцияны және азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, азаматтардың табысын арттыру және адами капиталды дамыту, ақша-несие және салықтық-бюджет саясатын жетілдіру, экономиканың нақты секторына қолдау көрсету, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, автожол инфрақұрылымын дамыту сияқты мәселелер бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Еліміздің демографиялық, көші-қон, технологиялық даму барысын да ескере отырып, жалпы  адам капиталын дамыту ісінде білім саласы негізгі рөл атқаратындығын басып айтты. Біз жуырда Білім және ғылым министрлігін екіге бөлдік.  Бұл қадам қордаланған мәселелерді шешу үшін қажет болды. Үкімет және жаңа министрліктердің басшылары отандық білім және ғылым саласын тың серпінмен дамытуға күш салады деп сенемін деді.

Мемлекет басшысы биылғы жылды Балалар жылы деп жарияладым. Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауға, суицидтің алдын алуға, әрбір баланың құқықтарын қамтамасыз етуге арналған кешенді жоспар қажет.  Сол бойынша көптеген мәселерді бірлесе шешіп, қызмет көрсету сапасын арттыратын кез келді деп, бұл мәселені  мұқият қарастыруды Үкіметке тапсырды. Лицензиялау тәртібін қайта енгізу, ең алдымен, мемлекетке емес, қоғамға қажет шара. Өйткені, басты мақсатымыз  – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екендігін нықтап айтты.

Жазғы қауіпсіздік ережелері

"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де 0-11 сынып ата- аналары мен балаларына жазғы қауіпсіздік ережелері бойынша ақпараттық жұмыс жүргізілді.

"Бір күндік "Жас сарбаз"

Астана күнін мерекелеу және "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында, оқушылардың жазғы демалысы аясында, "Новоишим қазақ орта мектебінде "Бір күндік "Жас сарбаз" шатырлы лагері ұйымдастырылды.
Мақсаты: Отанға, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, оқушылардың бойында патриоттық сезімін нығайту.

"Мен елімді сүйемін"

29 маусым күні "Балалар жылы- 2022" бағдарламасы және жазғы лагерь аясында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де "Мен елімді сүйемін" тақырыбында поэзия кеші ұйымдастырылып, балалар спорттық қимылды ойындар ойнады. Мақсаты: Туған елге, Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін нығайту.

"Балалар және театр"

28 маусым күні жазғы "Балалар және театр" жобасын іске асыруда "Балалар жылы- 2022" бағдарламасы және жазғы лагерь  аясында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де балалар ертегі кейіпкерлеріне пародия көрсетті. Мақсаты: жақсылық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, жақсылық пен жамандықтың қатар жүріп адам өмірінде сан қилы белең көрсететінін қуындыру.

"Мейірімділік әліппесі"

27 маусым күні "Балалар жылы-2022", Рухани жаңғыру бағдарламалыры және жазғы лагерь асында "Новоишим қазақ орта мектебі " КММ-де "Мейірімділік әліппесі" тақырыбында балалар сурет салып, қызықты логикалық тапсырмаларды орындады. Мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, шығармашылыққ баулу.

" Менің отбасым"

24 маусым күні "Балалар жылы- 2022" бағдарламасы және жазғы лагерь аясында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де балалар " Менің отбасым" тақырыбында асфальтта сурет салды. Мақсаты: адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің қарым-қатынастарын нығайту.

«Достық» деген не?»

22 маусым күні жазғы лагерь аясында балаларға «Достық» деген не?» тақырыбында  балалар арасында шағын пікірталас ,кумулятивтік әңгіме орын алды. Дос туралы видеролик тамашалады. Тақпақтар оқылып, әр бала өз досы туралы әңгімелеп, суретін салып, достарының ең жақсы қасиеті жайлы әсерлі шағын эссе жазды. Балалар достарына хат жазды.Соңында бір-біріне жақсы тілектер жазылған жүрекше сыйлап, қағазға салған досының суретін сыйға тартты. Ашық алаңда командалық қимылды ойындар ойнатылып, балалар көңілді көңіл күймен үйлеріне тарасты. Мақсаты: балалардың бір-бірімен қарым-қатынастарын нығайту, адамгершілікке, имнадылыққа тәрбиелеу

«Жолда жүру ережесін білеміз бе?»

21 маусым күні жазғы лагерь аясында балалармен «Жолда жүру ережесін білеміз бе?» атты тәрбие сағаты өткізілді. Онда бағдаршам көздеріне байланысты және де оттан,судан сақтану шараларын оқушыларға түсіндіріліп,пікір бөлісті.(қызыл, сары, жасыл) топқа бөлінді. Әр топқа сұрақ – жауап әдісі арқылы тапсырма берілді, жұмбақтар жасырылды, топтық жұмыс ұйымдастырылды. Содан соң «Қызықты бағдаршам» сурет сайысы өткізілді. Балалар бұл жұмысқа қызу кірісті. Ең әдемі суретті мақтау қағазымен марапаттадық.  Жеңіл астан кейін балалармен таза ауада «Ең үздік жаяу жүргінші» атты сайысы ұйымдастырылды. Бұл сайыстан оқушылар жолда, жол қилысында  өздерін қалай ұстау керектігін практика жүзінде көрсете білді. Мақсаты: жолда жүру ережесін сақтауға үйрету.

"Туған өлке"

20 маусым күні ұлттық тәрбиені насихаттау мақсатында Новоишим қазақ орта мектебінің ұжымы мен оқушылары  "Туған өлке"  этнолингвистикалық лагеріне қатысты. Ұлдар арасында асық, тоғызқұмалақ ұлттық ойындарынан жарыс ұйымдастырылса, қыздарға ұршық үйіру, "Бесікке салу" салт- дәстүрі туралы түсінік берілді. Сонымен қатар ұлттық тағамымыздың бірі  бауырсақтың әзірленуі үйретілді. Қазанда қуырдақ пісіріліп, оқушылар алтыбақан теүіп, барлығы тамаша көңіл-күйде болды.

Таза ауада спорттық ойындардан жарыс

17 маусым күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-нің  сынып жетекшілердің ұйымдастырылуымен жазғы мектептің соңғы күніне орай оқушылар табиғатқа шықты. Таза ауада спорттық ойындардан жарыс өткізіп,  логикалық жұмбақтарды шешті. Мақсаты: табиғатты аялауға, қамқор болуға үйрету. Оқушылар арасындағы қарым- қатынасты нығайту.

Аудандық балалар кітапханасына экскурсия

16 маусым күні жазғы лагерь аясында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-нің балалары аудандық балалар кітапханасына экскурсияға барды. Оларды кітапханадағы бар кітаптармен таныстырып, 4Д форматтағы оқулықтарды ұялы телефон арқылы жанжандырып көруге болатынын көрсетті. Ойын ойнатып, сыйлықтарды тарту етті.

Категории

• Нет доступных категорий

Недавние Новости

7.jpg
Мемлекет басшысы Үндеуіне қолдау
18.07.2022
7.jpg
Жазғы қауіпсіздік ережелері
18.07.2022
7.jpg
"Бір күндік "Жас сарбаз"
18.07.2022
7.jpg
"Мен елімді сүйемін"
18.07.2022
7.jpg
"Балалар және театр"
18.07.2022
7.jpg
"Мейірімділік әліппесі"
18.07.2022
7.jpg
" Менің отбасым"
18.07.2022
7.jpg
«Достық» деген не?»
18.07.2022
7.jpg
«Жолда жүру ережесін білеміз бе?»
18.07.2022
7.jpg
"Туған өлке"
18.07.2022
7.jpg
Таза ауада спорттық ойындардан жарыс
18.07.2022
7.jpg
Аудандық балалар кітапханасына экскурсия
18.07.2022