Меню KDT
Edumy - LMS Online Education Course & School HTML Template
14.png?_=1
СОШ №17"

Новости

Главная Новости

" Ол -дәуірдің ар-ожданы"

А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай, Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу аясында 2022 жылдың 13 қыркүйек күні Новоишим қазақ орта мектебінде " Ол -дәуірдің ар-ожданы" атты 5-7 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Өткізілу тілі: қазақ тілі,орыс тілі, ағылшын тілі. Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын дәріптеу,оқушыларға мемлекеттік тілді өркендеп оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілдің мәртебесін биік ұстау жөнінде, оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Сайыс нәтижесі
Қазақ тілінде мәнерлеп оқу бойынша:
І орын - Айтбай Т. 6 А сынып, Айнадин А. 5 Ә сынып;
ІІ орын - Ергеш К. 6 Ә сынып, Шеныбаева А. 5 Ә сынып, Әлімқұлова Г 7А сынып,
ІІІ орын - Естөре Н. 6Ә сынып, Камила 7 А сынып, Аяулым 5 сынып
Орыс тілінде мәнерлеп оқу бойынша:
І орын - Ануарова А. 7Асынып;
ІІ орын -Мырзагелді А. 7Асынып;
ІІІ орын - Мират М. 5Ә сынып.
Ағылшын тілінде мәнерлеп оқу бойынша:
І орын - Айкинбаева Д. 6 А сынып , Хакимбек А. 7 А,
ІІ орын -Ергеш К. 6 Ә сынып, Айтқожа А. 5 Ә сынып.

"Қазақстандағы көптілділік"

Қазақстан халықтарының тілдер күні аясында  "Қазақстандағы көптілділік" тақырыбында дебат ойыны өтті. Ойын Ахмет Байтұрсынұлының тіл туралы ойлары берілген бейнероликпен басталды. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі туралы мәліметтер де қамтылды.  Ойынға қатысушылар: "Орыс тілі Қазақстанда қажет пе, қажет емес пе?..." , "Шет тілін білетін адам, шет тілін білмейтін адамдарға қарағанда жоғары тұрады деп ойлайсың ба?", " Өзге тілді білу, өз тілімізге зиянын тигізе ме?", "Қазақ тілін білмейтіндердің жалақысын қысқарту керек, сонда ғана бәрі қазақша үйренеді. Дұрыс па?" деген тақырыптар төңірегінде ойларын ортаға салып, сөз таластырды.  Ойын спикерлеріне өздері қалаған тілде жауап беруіне рұқсат етілді. Ойынға 9,10,11 -сынып оқушылары қатысты. Ойынның мықты белсенді спикерлер анықталды, олар: Бөкенбай Нұртуған, Абдолла Нұрболат, Болатова Анель, Байтас Мирас, Амангельдыев Ануар.

«Тазалық денсаулық кепілі.Жеке бас гигиенасы» тақырыбында әңгіме сағаты

2022-2023 оқу жылының қазан айында мектеп психологы М. А. Берденова медбике Ж. С. Токкужинамен бірге интернат оқушыларына «Тазалық денсаулық кепілі.Жеке бас гигиенасы»  тақырыбында әңгіме сағатын өткізді.

"Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, жол-көлік жарақаттанудың, жол ережелері"

14 қыркүйек күні кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі мектеп инспекторы А.О.Казезовтың ұйымдастыруымен 8, 9, 10, 11 - сынып оқушыларына «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, жол-көлік жарақаттанудың, жол ережелері" туралы  дәріс  өткізілді.Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдыңдағы жауапкершілікті арттыру, жасөспірімдердің қылмыстығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру. Жалпы 96 оқушы қамтылды.

«Отбасында татулық болады, кітапқа қуанышты болсан»

12 қыркүйегінде «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Қазақстан халқы тілдер күні және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен 6 - сынып оқушылар арасында «Отбасында татулық болады, кітапқа қуанышты болсан» тақырыбында әдеби сағат ұйымдастырылды.
Мақсаты:
1.Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.
2.Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.

"Барлығы отбасынан басталады"

Отбасы - әр адамның өміріндегі ең маңызды нәрсе. Отбасы - біз сүйетін, біз олармен үлгі алатын, біз қамқор болатын, жақсылық пен бақыт тілейтін жақын және қымбат адамдар. Отбасында біз сүйіспеншілікті, жауапкершілікті, қамқорлық пен сыйластықты үйренеміз.
Осыған байланысты 2022 жылдың 8 қыркүйегінде «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен
"Барлығы отбасынан басталады" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: өскелең ұрпақты өз отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, бауырмалдық, мейрімділік сезімін ояту, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор жасау, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

«Берік отбасы- мемлекеттің әл-ауқатының негізі»

07.09-09.09 аралығында 1-8 сыныптарда «Берік отбасы- мемлекеттің әл-ауқатының негізі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.
Мақсаты: оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін толықтыру және отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.

«Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді»

2022-ші жылы қыркүйектің 7-9 аралығында 9-11 сыныптарда «Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді» тақырыбында адалдық сағаттары өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін - бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.

Жаңадан келген оқушылардың ортаға бейімделуін қалыптастыру

Мектеп психологы М. А. Берденова қыркүйек айында жоспарға сай интернатқа жаңадан келген оқушыларымен ортаға тез бейімделуге тренинг өткізді.  Мақсаты: оқушылармен танысу, жаңадан келген оқушылардың бейімделуіне ықпал жасау

Халықаралық отбасы күні

Халықаралық отбасы күніне арналған  "Объктивте отбасым" фотосуреттер көрмесінің қатысушылары мектепалды даярлық"А" тобының тәрбиеленушілері, ұстазы    Альмухамбетова Ж.К.

Халықаралық отбасы күні

Халықаралық отбасы күніне арналған  "Объктивте отбасым" фотосуреттер көрмесінің қатысушылары 1"Ә" сынып оқушылары, сынып жетекшісі  Амиржанова Г. Е.

Халықаралық отбасы күні

Халықаралық отбасы күніне арналған  "Объктивте отбасым" фотосуреттер көрмесінің қатысушылары 1"А" сынып оқушылары, сынып жетекшісі Увалиева Б.А.

Категории

• Нет доступных категорий

Недавние Новости

7.jpg
" Ол -дәуірдің ар-ожданы"
20.09.2022
7.jpg
"Қазақстандағы көптілділік"
20.09.2022
7.jpg
«Тазалық денсаулық кепілі.Жеке бас гигиенасы» тақырыбында әңгіме сағаты
19.09.2022
7.jpg
"Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, жол-көлік жарақаттанудың, жол ережелері"
15.09.2022
7.jpg
«Отбасында татулық болады, кітапқа қуанышты болсан»
15.09.2022
7.jpg
"Барлығы отбасынан басталады"
15.09.2022
7.jpg
«Берік отбасы- мемлекеттің әл-ауқатының негізі»
15.09.2022
7.jpg
«Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді»
15.09.2022
7.jpg
Жаңадан келген оқушылардың ортаға бейімделуін қалыптастыру
14.09.2022
7.jpg
Халықаралық отбасы күні
08.09.2022
7.jpg
Халықаралық отбасы күні
08.09.2022
7.jpg
Халықаралық отбасы күні
08.09.2022