Қазақстан Республикасының күніне орай «АТАМЕКЕН» тақырыбына диктант жазу байқауы
Новоишим қазақ орта мектебінде 2022 жылдың 17 қазан күні Қазақстан Республикасының күніне орай «АТАМЕКЕН» тақырыбына диктант жазу байқауы өтті. Мақсаты– оқушылар бойындағы патриоттық сезімді ояту, оқушылар арасында ұлттық құндылықты насихаттау , саналы оқушылардың сауаттылығын арттыру болмақ. Мектепішілік диктант жазу байқауына 3-11- сынып оқушыларынан 308 оқушы қатысты. Диктант жазу ұзақтығы 40 минутты құрады.
Балалар жылы

Балалар жылының жоспарына сәйкес аудандық білім бөлімі және балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бірлесе отырып олимпиада жеңімпаздарын, оқу озаттарын, спортта үлкен жетістіктерге жеткен балаларды және т.б категория бойынша оқушыларға «Батыр»бассейіне тегін баруды ұйымдастырды. Қазан айының 11 –нен бастап «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің оқушылары аталмыш бассейінге үлкен ықыласпен баруда.

«Аяулы күз, Алтын күз-2022» мерекелік іс-шара
2022 жылдың 13 қазан күні сынып жетекшілері Киргизбай А.Б., Жахина А.М., Айткужина Ж.Н. ұйымдастыруымен және мектеп парламентінің «Мәдениет» фракциясы мүшелерінің қатысуымен 5-6 сыныптарда «Аяулы күз, Алтын күз-2022» мерекелік іс-шара өтті. Мақсаты: оқушыларды табиғи әсемдікке, шынайылыққа өз көзқарасын танытуға, табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
«Мен мықты болсам-Қазақстан да мықты» атты психологиялық онкүндік
Мектеп психологы М.А.Берденова «Мен мықты болсам-Қазақстан да мықты» атты психологиялық онкүндік жоспарына сай оқушыларға психикалық денсаулықты нығайтуға арналған жадынама таратылып, кеңестер берді. Психикалық денсаулық-адамның өз мүмкіндктерін іске асырып, күнделікті өмірлік қиындықтарға қарсы тұрып, өнімді еңбек етіп және өзінің ортасына үлесін қоса алатын әл-ауқатының жағдайы.
Мектепке кітап сыйла!
2022 жылдың 10-28 қазан аралығында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де" Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы бастау алды.
Кәсәіби бағдарды насихаттауға арналған бұрыш
Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жоспарына сай Новоишим қазақ орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Б.А Мамбеталинованың ұйымдастыруымен мектеп кітапханасында кәсіби бағдарды насихаттауға арналған бұрыш ұйымдастырылды. .
Кәсіптік бағдар

7 қазан күні Новоишим қазақ орта мектебінің 10,11 сынып ер балалары Ғ. Мүсірепов атындағы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы подполковник Қаныбеков Қуанышбек Үсенұлы және ҚР ҚМ зейнеткері Мусин Шайдолла Сапарұлымен жоспарлы кездесуге қатысты. Кездесу барысында ҚР әскери ЖОО түсу ережелері, дайындық түрлері, әскери өмірдің талаптары түсіндірілді. Қазіргі уақыттағы әскери қызметкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары айтылды. Оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауаптар алды.

7 қазан күні Новоишим қазақ орта мектебінің 10,11 сынып ер балалары Ғ. Мүсірепов атындағы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы подполковник Қаныбеков Қуанышбек Үсенұлы және ҚР ҚМ зейнеткері Мусин Шайдолла Сапарұлымен жоспарлы кездесу

7 қазан күні Новоишим қазақ орта мектебінің 10,11 сынып ер балалары Ғ. Мүсірепов атындағы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы подполковник Қаныбеков Қуанышбек Үсенұлы және ҚР ҚМ зейнеткері Мусин Шайдолла Сапарұлымен жоспарлы кездесуге қатысты. Кездесу барысында ҚР әскери ЖОО түсу ережелері, дайындық түрлері, әскери өмірдің талаптары түсіндірілді. Қазіргі уақыттағы әскери қызметкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары айтылды. Оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауаптар алды.

Мамандық таңдауда қателеспеудің жолдары
6 қазан күні Новоишим қазақ орта мектебінің 9,10,11 сынып оқушылары Қазақстан студенттерінің альянсы ұйымдастыруымен өткен «Диплом немесе дағды? Мамандық таңдауда қателеспеудің жолдары» тақырыбында өткен ZOOM платформасы арқылы шеберлік сыныбына қатысты.
Шерхан Мұртазаның 90 жылдығы
1 қазанында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен Халықаралық қарттар күніне арналған «Қарттарым – алтын қазынам» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушылардың бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт-дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
«Дублер күні»
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Халықаралық ұстаздар күні қарсанында «Дублер күні» өтті. Дублер күнінің ұйымдастырушылары- биылғы оқу жылының түлектері, мектептің өзін-өзі басқару ұйымы және педагогикалық ұжым болды. Оқушылар ұстаздарды қарсы алып, мерекелік бағдарламаға қатысуға шақыру билеттерін табыс етті. Жоғары сынып оқушылары сабақ берді, ал мұғалімдер қызықты QUEST ойынына қатысты. Күн қызықты оқиғаларға толы болды.
«Оқуға құштар мектеп»
2022 жылдың қыркүйек айынан бастап «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 20 минуттық оқу өз жалғасын табуда.
Мақсаты: оқушыларға кітап пен оқуға деген сүйіспеншілікті ояту.