«Қазақстан университеттеріне виртуалды саяхат»
31 қазан 2022 жылы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де күзгі демалысты ұйымдастыру жоспарына сай балаларға Кәсіптік бағдар беру мақсатында кәсіптік бағдар беруші Т.Б Сердалинамен «Қазақстан университеттеріне виртуалды саяхат» ұйымдастырылды. Жоғары сынып оқушылары ЖОО шолу жасалатын ссылкалар арқылы, қажетті университетпен таныса алды. Балалар ЖОО ғимараттары, факультеттері, оқу залдары, кітапханалары, мұражайлары т.б туралы ақпарат ала алды.
«Нашақорлық соңы қорлық» туралы бейнеролик
Новоишим қазақ орта мектебінде 2022 жылдың 26 - 28 қазан аралығында әлеуметтік ұстаз А.Н.Байбулатованың ұйымдастыруымен 8 - 10 –сынып оқушыларына «Нашақорлық соңы қорлық» туралы бейнероликтер көрсетілді. Мақсаты: оқушыларға темекі мен нашақорлықтың зияны туралы түсіндіру. Жалпы 80 оқушы қамтылды.
Республика күні мерекелік іс-шара
Республика күніне орай Новоишим қазақ орта мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілерге арналған "Қазақ елі - менің Отаным" атты мерекелік бағдарлама өтті. Мақсаты: оқушыларды өз Отанын сүюге,қазақ екенін ,Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт- дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу.Елінің Туын,Елтаңбасын,Әнұранын қастерлеуге, өз елін,тегін,тарихын білуге тәрбилеу.
«Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбындағы бірыңғай эссе күн
Новоишим қазақ орта мектебінде 2022 жылы 19 қазан күні Республика күніне орай Ғылым және жоғары білім Министрлігі жариялаған «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбындағы бірыңғай эссе күні өткізілді. Мақсаты: оқушылар бойында азаматтық сана-сезімін дамытуға, оның ел тағдырына қатыстылығы мен болашағы үшін жауапкершілігін тәрбиелеуге бағытталған.
Мектепішілік бірыңғай эссе күніне 5-11- сынып оқушыларынан 248 оқушы қатысты. Оқушылар өз жұмыстарында Қазақстанның болашағына және оның осы болашақты қалыптастыруға қатысуына қатысты көзқарасы мен үміттерін бейнеледі. Еркін ойлады. Болашақты модельдеді.
"Тілек ағашы"
4-6 сынып оқушылар арасында оқушылардың бір-біріне деген тілектерін, жылы лебіздерін білдіру мақсатында -6 сынып оқушылар арасында оқушылардың бір-біріне деген тілектерін, жылы лебіздерін білдіру мақсатында «Тілек ағашына» тілектерін жазып жабсырды. #психологиялықДенсаулықдекадасы_СКО тілектерін жазып жабсырды. #психологиялықДенсаулықдекадасы_СКО
«Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты кітап көрмесі
2022 жылдың 20 қазан күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен 25 қазан – Республика күніне орай «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы күніне арналған әскери-спорттық үшсайыс
2022 жылдың 20 қазан күні Қазақстан Республикасы күніне арналған әскери-спорттық үшсайыс бойынша «№2 Новоишим ОМ» КММ командасымен жолдастық кездесу өтті.
Жарыс 3 түрлер бойынша өтті: АК-74 бөлшектеу- құрастыру, оқ ату және күш жаттығулары (тартылу, денені жатып көтеру).
Кәсіптік таңдау-маңызды іс»
Қазан айында Новоишим қазақ орта мектебінде кәсіби бағдар беруші Сердалина Т.Б ұйымдастыруымен «Кәсіптік таңдау-маңызды іс» деген атаумен ақпараттық бұрыш жаңартылды. Бұрышта оқушыларға қажетті жадынамалар, кеңестер, фотосуреттер ілінген
«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»

Новоишим қазақ орта мектебінде 2022 жылдың 11 қазан күні қыздар мерекесіне орай мектеп психологі, әлеуметтік ұстаз және мектеп медбике жетекшілігімен 8-10 сынып қыздарымен «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Жасөспірім қыздарға дәріс, кеңестер беріліп, бейнероликтер көрсетілді.

Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстардың алдын алу

Ата-аналарға арналған ұсынымдар

«Кәмелетке толмағандардың зорлық-зомбылықтан қалайша құтылуына болады»

балаға көшеде немесе үйде жалғыз қалғанда мінез-құлық ережелерін түсіндіріңіз;

егер балада жақын тұрған адамға қатысты күмән пайда болса, бұл адамнан аулақ кету және бұл адамды алға өткізу керек;

өзінің сырларын бөлісе алатындай бала үшін дос болу;

таныстар, туыстар тарапынан оған қатысты жасалған зорлық-зомбылық туралы әңгімені байыпты қабылдау;

балалардың достарымен және олардың ата-аналарымен қарым-қатынас орнату;

баланы жалғыз көшеге жібермеу (бала достарымен бірге жүргенде, қылмыс жасау мүмкіндігі төмендейді);

ата-ана баланың теледидарда қандай бағдарламаларды, сексуалдық және зорлық-зомбылық көріністерін көруді, Интернет арқылы педофилмен тілдесу мүмкіндігін болдырмау үшін Интернетте қандай сайттарға кіретіндігін білуі керек («Қазақтелеком» АҚ «Ата-ана бақылауы» қызметін қосу мүмкіндіктері);

баланың интернетте өткізетін уақытын бақылау керек, сіздің балаңыз желіде кіммен байланысатыны туралы хабардар болу керек.

Сіздің балаңызға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында мектепте тәрбиешімен, мұғалімдермен, психологпен байланыс орнатыңыз.

«Ата-аналар есте сақтауы қажет!»

Балаңызды құрметтеңіз, басқалардың баланы өз еркіне қарсы бірдеңе жасауға мәжбүрлеуіне жол бермеңіз және өзіңіз жасамаңыз.

Егер сіз көршілердің баласы зорлық-зомбылыққа, ата-аналардың ұрып-соғуына ұшырайтынын білсеңіз, бұл туралы дереу полицияға хабарлаңыз.

Егер сіздің балаңыз күйеуіңіздің (бірге тұратын адамның) оған деген жағымсыз қызығушылығы туралы айтса, оның сөздерін тыңдаңыз, күйеуімен (бірге тұратын адаммен) сөйлесіңіз, баланы онымен жалғыз қалдырмаңыз. Әкесі баласын жыныстық өмірге қатысты қызықтыратын барлық мәселелер туралы сөйлесіп, өзін қалай қорғау керектігін түсіндіруі керек. Анасы қызға ер жынысты адаммен өзін қалай ұстау керектігін, контрацепция туралы түсіндіруі керек.

Егер сіз баланың мінез-құлқындағы оғаштықты байқасаңыз, онымен не мазалайтыны туралы сөйлесіңіз. Ұл баламен тек әкесі сөйлескен дұрыс.

«Отбасында зорлық-зомбылық болған жағдайда не істеу керек?»

Ең алдымен, баланың заңмен қорғалатын құқықтары бар екенін есте ұстаған жөн!

Кез келген бала полицияға, прокуратураға, Бала құқықтары жөніндегі уәкілге жүгіне алады.

Заң бойынша кәмелетке толмаған баланы зорлау туралы іс, егер бұл факт басқа көздерден белгілі болса, өтінішсіз де қозғалуы мүмкін.

Республикалық Балалар оқулары байқауы

Республикалық Балалар оқулары байқауы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Балалар жылы» аясында Республикалық балалар оқулары байқауын өткізуде.

Оқуға құштар мектеп
1- сынып мұғалімі Амиржанова Гүлнұр Есенгелдіқызы кішкентай бүлдіршіндері оқитын сыныбында «Оқуға құштар баламыз» бұрышын ұйымдастырды.