«АИТВ және ЖИТС-тің алдын алу» бойынша орталық емхана қызметкері Диана Ерланқызы Серикпаевамен кездесу
2022 жылдың 06 желтоқсан күні мектеп медбикесі А.К.Жарасбаеваның жетекшілігімен 8- сынып оқушыларына «АИТВ және ЖИТС-тің алдын алу» бойынша орталық емхана қызметкері Диана Ерланқызы Серикпаевамен кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларға ЖҚТБ - ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан - жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру.
«Қоғамдағы, отбасындағы және мектептегі зорлық-зомбылық және бейбітшілік қағидаттары» тақырыбында ата-аналарға жадынама
2022 жылдың 05-09 желтоқсан аралығында мектеп психологі М.А.Берденованың жетекшілігімен «Қоғамдағы, отбасындағы және мектептегі зорлық-зомбылық және бейбітшілік қағидаттары» тақырыбында ата-аналарға жадынамалар жіберілді. Мақсаты: зорлық-зомбылықтың алдын-алу. Ата-аналар танысып, кері байланыс берді.
«Мен қазақша сөйлеймін» акциясы
Терең тамырлы тарихы бар, ұлтымыздың асыл қазынасы - мемілекеттік тіліміздің мәртебесін арттыру мақсатында «Халықаралық Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырылған «Мен қазақша сөйлеймін» акциясына белсене қатысқан «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің 8-сынып оқушысы Шарбекова Нурайым 2022 жылдың 5 желтоқсан күні Алғыс хат және ақшалай сертификатпен марапатталды.
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне 12 оқушы қатысты. Базарбай Мадина -3 орын қазақстан тарихы пәнінен, Сабыржан Дария -3 орын жаратылыстану пәнінен, Шарбекова Аяулым-2 орын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен, Адильбекова Адия 3 орын -орыс тілі пәнінен, Айтқожа Аян -2 орын, Акжигит Арыстан-1 орын ағылшын тілі пәнінен алды. 2022 жылдың 1 желтоқсан күні өткен облыстық кезеңінде 6 сынып оқушысы Акжигит Арыстан- 3 орынға ие болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» тақырыбында аға тәлімгер Жайық Ш.Б. ұйымдастыруымен 8 сыныптарда мұражайлық сабақ өтті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2022 жылдың 2 желтоқсан күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» тақырыбында аға тәлімгер Жайық Ш.Б. ұйымдастыруымен 8 сыныптарда мұражайлық сабақ өтті. Мақсаты: оқушылардың бойында отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілік сезімін ояту, көшбасшылық қасиеттерді дамыту.
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты әңгіме
2022 жылдың 02 желтоқсан күні әлеуметтік педагог А.Байбулатованың жетекшілігімен 9 - сынып оқушыларына «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты әңгіме жүргізіліп, бейнероликтер көрсетілді.
Психологиялық ойын-жаттығулар
01.12.2022ж. Интернат оқушыларының бос уақытын тиімді өткізу, көңіл-күйлерін көтеру мақсатында мектеп психологы М.А.Берденова, әлеумметтік ұстаз А.Н.Байбулатова интернат балаларына «Психологиялық ойын» жаттығуларын өткізді.
"Түнгі қаладағы балалар" атты рейдтік іс-шара
2022 жылдың 30 қараша және 01 желтоқсан күндері кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кестеге сәйкес әлеуметтік ұстаз А.Н.Байбулатова, А.К.Алгожина және 7 ә сынып жетекшісі Д.Ж.Шеныбаева капитан полиции Р.Ш.Бердімұратпен бірігіп "Түнгі қаладағы балалар" атты рейдтік іс-шара жүргізді.Түн ішінде ешқандай құқықбұзушылық анықталмады
"Сыбайлас жемқорлық балалар көзімен" аудандық суреттер байқауы
Ғалий Темирлан, 10 жас, Новоишим ауылы. "Сыбайлас жемқорлық балалар көзімен" аудандық суреттер байқауының қатысушысы. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларын сақтау және жүзеге асыру сыбайлас – жемқорлықпен күресте өте маңызды. Ұйымдастырушы: Мәдениет үйі.
"Сыбайлас жемқорлық балалар көзімен" аудандық суреттер байқауы
Мырзагелді Еркежан, 10 жас, Новоишим ауылы. "Сыбайлас жемқорлық балалар көзімен" аудандық суреттер байқауының қатысушысы. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларын сақтау және жүзеге асыру сыбайлас – жемқорлықпен күресте өте маңызды Ұйымдастырушы: Мәдениет үйі.
"Сыбайлас жемқорлық балалар көзімен" аудандық суреттер байқауы
<div style="text-align:justify;">Адильбекова Адия, 10 жас, Новоишим ауылы. "Сыбайлас жемқорлық балалар көзімен" аудандық суреттер байқауының қатысушысы. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларын сақтау және жүзеге асыру сыбайлас – жемқорлықпен күресте өте маңызды. Ұйымдастырушы: Мәдениет үйі. </div>
"Сыбайлас жемқорлық балалар көзімен" аудандық суреттер байқауы
Жактаева Дария,9 жас, Новоишим ауылы. "Сыбайлас жемқорлық балалар көзімен" аудандық суреттер байқауының қатысушысы. Ұйымдастырушы: Мәдениет үйі.