«Оқуға құштар мектеп»

2022 жылдың 23- ші желтоқсан күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен 8 - сынып оқушылар арасында «Кітаппен серуен» тақырыбында квест ойыны ұйымдастырылды.

Мақсаты: оқушыларды жан-жақтылыққа, шапшаңдылыққа, шығармашылыққа, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

«Мемлекеттен көрсетілетін қызметті алу» іскерлік ойыны

2022 жылдың 14 желтоқсан күні "Адал ұрпақ" клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттен көрсетілетін қызметті алу» іскерлік ойыны өтті.

Іс-шараның басты мақсаты –мемлекеттің «сервистік алаң» екендігін көрсету.

Адал ұрпақ клубының мүшелері оқушыларға түсіндіріп қана қоймай,оны іс жүзінде көрсете білді.Мысалы, егов бағдарламасы қызмет көрсету көлемін кеңейтіп және олардың сапасын арттыра отырып, екінші жағынан-ресурстарды үнемдей отырып , мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды жеңілдетеді және мемлекеттік секторға қарама - қайшы талаптарды орындауға көмектеседі.Қазіргі таңда үйден шықпай-ақ өзіңізге керекті құжаттарды таба аласыз.

"Тәуелсіздік- тұғырым"
"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де ҚР Тәуелсіздік күніне орай 2022 жылы желтоқсан айының 12-15 аралығында 1-11сыныптарда "Тәуелсіздік- тұғырым" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты: оқушыларға Тәуелсіздіктің кімдердің қанымен, қандай ауыртпалықпен келгендігі жайлы айтып, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту.
«Аяқтары мен қолдары» тренинг
Ағымдағы жылдың 14 желтоқсан күні мектеп Президенті Н.Шарбекова және өзін-өзі басқару ұйым мүшелерінің ұйымдастыруымен 2-3 сыныптар арасында «Аяқтары мен қолдары» тренинг өтті. Мақсаты:оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу,күш-қуат жинау. Нәтижесінде оқушылар тренингке белсене қатысып, жақсы көңіл-күй алды.
«Мемлекеттен көрсетілетін қызметті алу» іскерлік ойыны
2022 жылдың 14 желтоқсан күні "Адал ұрпақ" клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттен көрсетілетін қызметті алу» іскерлік ойыны өтті.
Іс-шараның басты мақсаты –мемлекеттің «сервистік алаң» екендігін көрсету.
Адал ұрпақ клубының мүшелері оқушыларға түсіндіріп қана қоймай,оны іс жүзінде көрсете білді.Мысалы, егов бағдарламасы қызмет көрсету көлемін кеңейтіп және олардың сапасын арттыра отырып, екінші жағынан-ресурстарды үнемдей отырып , мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды жеңілдетеді және мемлекеттік секторға қарама - қайшы талаптарды орындауға көмектеседі.Қазіргі таңда үйден шықпай-ақ өзіңізге керекті құжаттарды таба аласыз.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдығына арналған кітап көрмесі

«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты: тарих контекстіндегі қазақ мемлекеттілігінің көпғасырлық қалыптасу тарихын; Тәуелсіз Қазақстанның саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуын көрсету.

Шахмат ойыны

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру, "Балалар жылы- 2022" және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мен шахмат ойынын насихаттау мақсатында 2022 жылдың 12 желтоқсан күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де 2-11 сыныптар арасында Алгожина А.Қ, Узаков Е.Н. және Көкқыз Х жетекшілігімен шахмат ойынынан мектепшілік олимпиада өткізілді.

Ойын үлкен қызығушылық тудырды. Өткізілген ойын қорытындысы бойынша үздік ойыншылар анықталды:

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

1-орын: Талғатова Гаухар 5а сынып

2-орын: Бексейтов Амир 3 ә сынып

3-орын: Ерден Мәдимухамет 4 ә сынып

1-орын: Ахметов Аблай 10 а сынып

2-орын: Ахметов Мирас 10 а сынып

3-орын: Юсуп Арнат 9 а сынып

Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына орай "Сұлу сөздің зергері" облыстық байқау
2022 жылдың 09 желтоқсан күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына орай "Сұлу сөздің зергері" облыстық байқау өтті. Сонымен қатар жазушы ағамыздың атындағы кабинет ашылды. Кабинеттің ашылу салтанатына аудан әкімі С.М. Мухамедиев және ауданымыздың құрметті азаматтары шақырылды. Байқауға облысымыздың 10 ауданынан 45 оқушы қатысты. Нәтижесінде жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Атап айтсақ, біздің мектеп оқушылары қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Жолдасбаева Г.М, Рамазанова Б.Н, Амангельдиева А.М жетекшілігімен " Театр- хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер" театрланған қойылымда 2 жүлделі орынға ие болды. Іс- шара барысында шағын концерттік бағдарлама және мектеп бойынша экскурсия ұйымдастырылды.
"Түнгі қаладағы балалар" атты рейдтік іс-шара
2022 жылдың 12 желтоқсан күні кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кесте бойынша педагог психолог М.А.Берденова, 10 сынып жетекшісі К.М.Карабаева, кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі мектеп инспекторы А.О.Казезов және полиция майоры Руслан Сергеевич Ураковпен бірігіп "Түнгі қаладағы балалар" атты рейдтік іс-шара өткізілді.Түн ішінде ешқандай құқықбұзушылық анықталмады.
"Ұлы даланың Ұлы есімдері" арнайы жобасы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының "Ұлы даланың Ұлы есімдері" арнайы жобасын іске асыру аясында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де кітапханашы Б. А. Мамбеталинованың жетекшілігімен халық жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Ұлтына ұлағат қалдырған» атты кітап көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: жазушының өнегелі өмірін, қайратын үлгі ете отырып, жас ұрпақты туған халқы үшін аянбай еңбек етуге, ерлікке, мейірімділікке, елін сүюге баулу, жасаған игі істерін, оның шығармаларын таныстыру, шығармашылық ізденіске бағыттау, сөздік қорларын бағалау мақсатында өткен бұл көрме қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін құрметтеуге, сөз құдіретін түсінуге тәрбиелеу
"Қобалжу мен стресстің алдын-алу" тренинг-жаттығу.
"Қобалжу мен стресстің алдын-алу" тренинг-жаттығу. Мақсаты:оқушылардың бойында стресс пен қобалжуды болдырмау, алдын-алу. Стресстің пайда болу себептерін, алдын-алу жолдарын, ағзаға тигізетін әсерін айту. Тренингтің басында оқушылардан «стресс тест» экспресс тесті алынып ұпай сандарына қарай оқушыларға жауабы оқылды. Содан кейін стресс туралы түсінік беріліп өттілді. Стресс пен қобалжудың симптомды белгілері мен физиологиялық белгілері таныстырылып, тақырып жайлы оқушылармен өзара бір-бірімен пікір талас, талқылау жүргізілді. Содан кейін оқушылар «Мен неден қашамын» жаттығуын жасады. Мақсаты:өзара сенімділік пен топтың ашық қатынасын туғызу.Сонымен қатар оқушылар кинесиологиялық дене жаттығуларын жасады. Оқушылар тренингке белсенді қатысып, қызығушылық танытты.
«Біз салауатты келешек үшін!» флешмоб
2022 жылдың 05-09 желтоқсан аралығында мектептің өзін- өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 8-9 - сынып оқушылар арасында «Біз салауатты келешек үшін!» флешмоб ұйымдастырылды. Флешмоб үзіліс уақытында болды.