Меню KDT
Edumy - LMS Online Education Course & School HTML Template
14.png?_=1
СОШ №17"

Новости

Главная Новости

“Мемлекеттік қызмет елдің-мүддесіне адал еңбек”шығарма байқауы

2023 жылдың 27 наурыз күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де
Адал ұрпақ клубының мүшелерінің ұйымдастыруымен “Мемлекеттік қызмет елдің-мүддесіне адал еңбек”шығарма байқауы 5-7 сыныптар арасында өтті.Мақсаты: адам үшін ең ғажабы, ең қымбаты да оның өмірі.Ал, өмір тірегі-жан-жақты жігері мен еліне жасаған адал еңбегі деп білу. Мемлекеттік қызметтің еңбегі тоқыраса, оның тіршілігі де тоқырай бастайтыны сөзсіз. Бұл қызмет –адамға жүктелген міндет.

Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің оқытушылары Сарсенбаева АА, Жуманов Р.Ж 9 сынып оқушыларына кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізді

2023 жылдың наурыз айында Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің оқытушылары Сарсенбаева АА, Жуманов Р.Ж 9 сынып оқушыларына кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізді. Колледжде төмендегі мамандықтар бойынша білім алуға болады:
- «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалім»
- «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі»
- «Шет тілі мұғалімі»
- «Бастауыш және негізгі орта білім берудің информатика мұғалімі»
- «Бухгалтер»
- «Ақпараттық жүйелер технигі»

«Мамандықтар әлемін ашамыз» сайысы

2023 жылы наурыз айының 24 күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ 10 сынып оқушылары Ахметова Дильназ бен Байкенова Арина аудандық «Мамандықтар әлемін ашамыз» сайысына қатысты. Сайыстың нәтижесінде Ахметова Дильназ 3 орынға ие болды.  Болашақта бұл оқушыларға өздерінің қалаған мамандықтарының есігі айқара ашылуына тілектеспіз.

"Түнгі қаладағы балалар" атты рейдтік іс-шаралар

2023 жылдың  18 наурыз күні кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кесте бойынша 10-сынып жетекшісі К.М.Карабаева  және информатика пән мұғалімі Ш.Ө.Сапарғали   "Түнгі қаладағы балалар" атты рейдтік іс-шаралар өткізді.Түн ішінде ешқандай құқықбұзушылық анықталмады.

«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ жанындағы мектеп интернатында «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті.

«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу,  Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында   «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ жанындағы мектеп интернатында  «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті. Балалар ән салып, би билеп, салт- дәстүр көрсетіп, ұлттық ойындар ойнап, Наурыз көже ішіп,  жақсы көңілде болды.  Сонымен қатар өз өнерлерін көрсетіп, белсенді қатысты.

«Домбырашылар челленджі»

Ұлыстың Ұлы күні қарсанында 2023 жылы 17 наурыз күні сағат 12.00-де мектебімізде «Домбырашылар челленджі» өтті. Оқушылар Құрманғазының
' Балбырауын" күйін орындады. Мақсаты: білім алушыларды ұлттық рух пен отан сүйгіштікке тәрбиелеуге, елдің мәдени мұрасын сақтап, балалар арасында ұлттық музыкалық аспапты насихаттау.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен 5-сынып оқушылар арасында «Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз» атты викторина ұйымдастырылды.

2023 жылдың 17 наурыз күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен 5-сынып оқушылар арасында «Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз» атты викторина ұйымдастырылды.
Мақсаты: Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту; окушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту; оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.
Викторина 5 кезеңнен тұрды.
1. «Бәйге» сұрақтарға жауап.
2. «Жорға» мақалдарды аяқтау.
3. «Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.
4. «Сөзді тап»
5. «Ақсүйек» ойыны.
Нәтижесінде балалар викторинаға үлкен ықыласпен қатысып, сұрақтарға жауап беруге тырысты.
Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды және барлық оқушыларға бауырсақтар таратылды.
1 орын: «Қызғалдақтар» тобы 5а сынып
2 орын: «Бәйшешектер» тобы 5б сынып

«Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз» атты викторина

Наурыз мерекесі

Көктем мерекесі қарсаңында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханасында Наурыз мейрамына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Наурыз мейрамын тойлау тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қазақтың ұлттық киіз үйі, ұлттық тағамдар туралы кітаптар қойылды.
Наурыз-қазақтар үшін де, Азияның көптеген халықтары үшін де бес мың жылдан астам уақыттан бері атап өтіліп келе жатқан басты мереке.
Наурыз-көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың басталуы, жаңа өмір.

Новоишим қазақ орта мектебінде 1-2 сынып оқушыларға арналған "Әз Наурыз" атты мерекесі өтті.

2023 жылдың 16 наурыз күні Новоишим қазақ орта мектебінде 1-2 сынып оқушыларға арналған "Әз Наурыз" атты мерекесі өтті. Іс- шара барысында ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрден сыр шертетін әңгіме айтылды. Сонымен қатар Ұлыстың ұлы мерекесінде екі кішкентай егіз ұл балалардың тұсауы кесіліп, қазақы ойындарымыз да назардан тыс қалмады. Оқушылар және ата- аналар арқан тартудан, би, өлеңдерден бақ сынасты. Жалпы оқушылар мен ата-аналар мерекелік іс- шараға аса ыждаһаттылықпен дайындалғаны көрініп-ақ тұрды.
Қыстан аман-есен шығып, мал тұяғы көкке, аузымыз аққа ілініп, ұлтымыздың Жаңа жылы мектебімізде осылай тойланды. Барлығының көңіл-күйлері керемет болды! Әріптестерімізді, ата-аналарымызды, шәкірттерімізді ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз.
Жаңа жылымыз жаңа табыстарға жетелесін!

"Новоишим қазақ орта мектеп» КММ жанындағы «Қызылжар» шағын орталығында өтті

Наурыз - көнеден келе жатқан мереке. Наурыз мерекесінен балалар да шет қалмады. Ұлттық мерекені шағын орталықта атап өтудегі басты мақсат - салт-дәстүр, Наурыз құндылықтарын дәріптеу. Бұл - бала тәрбиесіндегі басты қағида.
Осындай игі іс- шара «Новоишим қазақ орта мектеп» КММ жанындағы «Қызылжар» шағын орталығында өтті. Бұл дәстүрлі шараға «Балапан», «Балдырған», «Жұлдыз» тобының тәрбиеленушілер мен тәрбиешілер қатысты. Кішкентай бүлдіршіндер өю-өрнектеп тігілген, көздің жауын алатын киімдерді киіп, би билеп, ән салып, ұлттық ойындар, қол күрестен өнерлерін көрсетіп, таң қалдырды. Іс-шара көңілді ән мен мың бұралған бишілердің биімен жалғасты. Наурыз мерекесіне арналған ұлттық нақыштағы бейнеленген киіз үйдің ішіне қазақтың кебежесін, шымылдығын, ат әбзелдерін, ыдыс-аяқтарын қойып безендіріп, дастархан жайылып, арнайы дайындалған. Өнерлі тәрбиешілеріміз «Тұсау кесу» рәсімін көрсетіп, мерекенің шырайын келтірді. Шара соңында балалар арнайы дайындалған дастарханнан ұлттық тағамдар мен наурыз көжеден дәм татты.

Мектепалды даярлық тобында Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, әз Наурыз!» атты сынып сағаттары өтті.

Мектепалды даярлық тобында Наурыз мерекесіне  арналған   «Қош келдің, әз Наурыз!» атты сынып сағаттары өтті.  Іс-шара барысында тәрбиеленушілер Наурыз туралы өлеңдер оқып, ән шырқап, ұлттық ойындар ойнап,  Наурыз мерекесі туралы кеңінен мағлұмат алды. Мерекелік  дастархан  жайылып,  балалар ұлттық тағамдар туралы көптеген  мағлұматтар алды. Сонымен қатар даярлық  тобының тәрбиеленушісі  Измағанбетов Ернар  ақ батасын жолдады.

Категории

• Нет доступных категорий

Недавние Новости

7.jpg
“Мемлекеттік қызмет елдің-мүддесіне адал еңбек”шығарма байқауы
27.03.2023
7.jpg
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің оқытушылары Сарсенбаева АА, Жуманов Р.Ж 9 сынып оқушыларына кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізді
24.03.2023
7.jpg
«Мамандықтар әлемін ашамыз» сайысы
24.03.2023
7.jpg
"Түнгі қаладағы балалар" атты рейдтік іс-шаралар
18.03.2023
7.jpg
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ жанындағы мектеп интернатында «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті.
17.03.2023
7.jpg
«Домбырашылар челленджі»
17.03.2023
7.jpg
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен 5-сынып оқушылар арасында «Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз» атты викторина ұйымдастырылды.
17.03.2023
7.jpg
«Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз» атты викторина
17.03.2023
7.jpg
Наурыз мерекесі
16.03.2023