Меню KDT
Edumy - LMS Online Education Course & School HTML Template
14.png?_=1
СОШ №17"

Новости

Главная Новости

"Оқуға құштар мектеп"

"Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру мақсатында қысқы демалыс кезінде «Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шараның белсенді қатысушысы Айнадин Раяна. Сынып жетекшісі Сарсенбаева Р.С.

Мақсаты: Еліміздің болашақ ұрпағын біліммен сусындаған, тапқырлығымен тамсандыратын салауатты, саналы етіп тәрбиелеу, кітапты сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

Тоқсандық жиынтық бағалау

2024 жылдың 23- желтоқсаннан 26- желтоқсан аралығында білім алушылардың функционалдық сауауттылығын дамыту барысында тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары бойынша мектеп мұғалімдері 2 Новоишим орта мектебі мұғалімдері арасында өзара тәжірибе алмасу ұйымдастырылды.

"Ауыл мектебі - сапа алаңы" республикалық жобаның қорытындысы

Оқу- ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2024 жылдың 26 желтоқсан күні ауыл  мектептерінің педагогтерімен кездесу өткізді. Бұл кездесуге Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданы, Новоишим қазақ орта мектебінің оқу ісі орынбасары Жолдаспаева Г. М. қатысты.  Кездесу барысында "Ауыл мектебі - сапа алаңы"  республикалық жобаның қорытындысы шығарылды. Кездесу жаңа форматта өтіліп, білім саласына қатысты өзекті сұрақтар қозғалды. Шара соңында Жолдаспаева Г.М. білім жолында қосқан  үлесі  үшін Оқу -ағарту Министрінің "Оқу ісінің шебер ұйымдастырушысы" дипломымен марапатталды.

Жетістіктер

#Біртұтас_ тәрбие
2024 жылдың 23 желтоқсан күні саптүзеуде «Менің Тәуелсіз Қазақстаным!» тақырыбында өткен эссе байқауының женімпаздары, Грек-рим күресінің облыстық фестивалінің жеңімпаздары, еркін күрестен өткен спорттық жарыстардың жүлдегерлері мадақтамалар мен медаль, кубоктармен марапатталса, химия пәні мұғалімі Төрегелді М.А. педагогикалық идеялар фестивалінің облыстық кезеңінде 3 орын алғаны үшін дипломмен марапатталды.
Сонымен қатар тәрбие ісі орынбасары Амиржанова Б.К. оқушыларды Жаңа жылдық шыршалар кезінде, қоғамдық орындарда және басқа адамдар көп жиналатын орындарда өзін-өзі ұстау ережелерімен, пиротехникалық құралдарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстырды.

«Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым!»

#Біртұтас_тәрбие
2024 жылдың 13 желтоқсан күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің
1-11 сыныптарда «Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.
Мақсаты: оқушыларға Тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегенін түсіндіру. Жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Өз елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Интеллектуалды ойын

2024 жылғы 12 желтоқсанда мектепте мұғалімдер арасында интеллектуалды ойын өткізілді. Ойынның мақсаты – ұстаздардың білім деңгейін арттыру, ойлау қабілетін дамыту және ұжымдық жұмысты нығайту болды. Ойынға барлық пән мұғалімдері қатысты.

⚡Ойын бірнеше кезеңнен тұрды, әр кезеңде қатысушылар әр түрлі сұрақтарға жауап беріп, логикалық тапсырмаларды орындады. Сұрақтар жалпы білім саласынан, соның ішінде тарих, әдебиет, ғылым және өнер сияқты тақырыптардан болды. Әр дұрыс жауапқа ұпай беріліп, ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанды.

💫Ойын барысында мұғалімдер арасында достық қарым-қатынас орнап, бірігу мен ынтымақтастыққа ықпал етті. Сондай-ақ, қатысушылар өз білімдерін тексеріп, жаңа ақпараттармен танысты.
Интеллектуалды ойын қорытындысы бойынша жеңімпаз команда марапатталды, ал қалған қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді. Мұғалімдер осындай іс-шаралардың оқу процесінде де пайдалы әрі қызықты екенін атап өтіп, келешекте тағы да ұйымдастыруды ұсынды.

Өткізген: Садық А.Б, Төрегелді М.А, Киргизбай А

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық

2024-2025 оқу жылының 12 желтоқсан күні 11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өткізілді. Мақсаты: ҰБТ-ге дайындық. Оқушыларды психологиялық түрде қолдау.Пән мұғалімдерінің  консультация  кестесі. Әртүрлі сұрақтар болды. Оқу ісінің орынбасы Г. Мұхтарқызы ҰБТ-ге дайындық туралы айтып өтті. Мектептің кәсіптік бағдар беруші Т.Б Сердалина қатысты. Өз баяндамасында ата-аналарға әр оқушының таңдаған мамандығы, соған сәйкес бейіндік пәндері, сол мамандықты оқытатын ЖОО және олардың шекті баллдары,  мемлекеттік гарнтқа түсу үшін жинау керек ұпай саны, ақылы оқыған уақытта жылына төленетін оқу ақысы туралы ақпарат берді. Мектеп психологы Берденова М.А оқушыларды ҰБТ алдында  психологиялық және эмоцияналдық дұрыс қолдау көрсету тақырыбында кеңес берді.Сонымен қатар пән мұғалімдері ата-аналарға консультация жүргізді.

Биология әлеміне саяхат

“Бүгін 8-сынып оқушылары биология әлеміне саяхат жасады! 🧬🔬🥼

Мұғаліміміз қызықты тәжірибелер арқылы теорияны практикамен байланыстырды.
Бұл сабақта:
✨ Оқушылар ерекше биологиялық процесстерді тамашалады,
💡 Білімдерін өмірде қалай қолдануға болатынын үйренді.

Биология– тек табиғатты зерттейтіп пән ғана емес, ол – ғылымға деген қызығушылықтың бастауы!”

Пән мұғалімі: Шеныбаева Д.Ж

“Талантыңмен таныл жас” математик

#біртұтас_тәрбие «ЖМБ» апталығының аясында
9-сыныптар арасында “Талантыңмен таныл жас” математикатты квест ойыны өтті! 🎯✨

Мақсаты:
• Командада жұмыс істеу, жауапкершілік пен лидерлік қасиеттерін дамыту 👫💡
• Логикалық ойлау, шапшаңдық пен білімділікті арттыру 📚🤔
• Математика пәні бойынша білімді арттыру🏫🔍

Квест идеясы:
Оқушылар коммуникативті дағдыларды дамытып, топпен жұмыс істеуді және ортақ мақсатқа жету жолдарын іздеуді үйренеді. 🚀🤝

Пән мұғалімдері:
Идирисова А.Р және Алгожина Г.А

“Aqyl Battle” интеллектуалды ойыны

Жаратылыстану - математика бағыты апталығында 5 сынып оқушылары арасында Тания Ахметовна мен Аяулым Бакытжановна ұйымдастырған “Aqyl Battle” интеллектуалды ойыны өткізілді. Бұл ойынның мақсаты – оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, олардың логикалық ойлау, шығармашылық және командалық жұмыс дағдыларын арттыру болды.

Ойын бірнеше кезеңнен тұрды:

1. Танымдық сұрақтар – жалпы білім саласына қатысты түрлі сұрақтар қойылып, оқушылар жауап берді.
2. Логикалық тапсырмалар – әртүрлі математикалық және логикалық жұмбақтар шешілді.
3. Кроссворд және ребустар – оқушылар кроссвордтар мен ребустар шешіп, жылдамдық пен ақыл-ойды қолданды.
4. Командалық жарыс – топтық жұмыстарда командалар бірге ойланып, өзара пікір алмасты, әрқайсысы өз білімдері мен идеяларын ортаға салды.

Ойынның қорытындысы бойынша ең жоғары ұпайды жинаған команда жеңімпаз атанды

Көңілді үзіліс

Көңілді үзіліс
Өткізген: география пәнінің мұғалімі Карабаева Қ.М

І топ элементтері тақырыбында ашық сабақ

#біртұтас_тәрбие 6.12 күні 9 “А” сынып оқушыларымен химия пәнінің мұғалімі Төрегелді Мадина Аскарқызы ашық сабақ өткізді. Сабақ тақырыбы : І топ элементтері.

Категории

• Нет доступных категорий

Недавние Новости

7.jpg
"Оқуға құштар мектеп"
10.01.2025
7.jpg
Тоқсандық жиынтық бағалау
27.12.2024
7.jpg
"Ауыл мектебі - сапа алаңы" республикалық жобаның қорытындысы
26.12.2024
7.jpg
Жетістіктер
23.12.2024
7.jpg
«Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым!»
13.12.2024
7.jpg
Интеллектуалды ойын
12.12.2024
7.jpg
Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық
12.12.2024
7.jpg
Биология әлеміне саяхат
11.12.2024
7.jpg
“Талантыңмен таныл жас” математик
11.12.2024
7.jpg
“Aqyl Battle” интеллектуалды ойыны
10.12.2024
7.jpg
Көңілді үзіліс
09.12.2024
7.jpg
І топ элементтері тақырыбында ашық сабақ
06.12.2024