Ресурстық орталыққа кіретін Шұқыркөл орта мектебінің 8 – 9 сынып оқушыларымен жоспарға сай «Жақсылық жасай білейік» тақырыбында онлайн түрде пікір талас өткізді
2024 жылдың 17 сәуір күні әлеуметтік педагог Байбулатова А.Н. Ресурстық орталыққа кіретін Шұқыркөл орта мектебінің 8 – 9 сынып оқушыларымен жоспарға сай «Жақсылық жасай білейік» тақырыбында онлайн түрде пікір талас өткізді. Мақсаты: балалардың бойында жақсы әдетті қалыптастырып, жаман әдеттен аулақ жүруге, әрдайым жақсылық жасауға тәрбиелеу, қойылған сұрақтарға толық жауап беріп, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Оқушыларға «жақсылық» дегеніміз – мейірімділік, әдептілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу туралы ақпараттар беріліп, бейнероликтер көрсетілді.
12 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «9 айға - 9 іс-шара» жобасы аясында «Шахмат ойнау» челленджі өтті.
Шахмат – көне тарихы бар зияткерлік ойын. Қазір - ең көп таралған үстел ойындарының бірі. Шахматтың тәрбиелік мәні бар: ол тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді, логикалық ойлауға және өз іс-әрекетін жоспарлауға үйретеді, зейіннің шоғырлануын дамытады.

2024 жылдың 12 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «9 айға - 9 іс-шара» жобасы аясында «Шахмат ойнау» челленджі өтті.

Мақсаты: оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту,
шахмат ойнауға қызығушылығын қалыптастыру;
челлендж қатысушылары арасында қарым-қатынасты жақсарту; еліміздегі білім алушылар арасында шахмат ойынын кеңінен насихаттау.
Кәсіптік бағдар апталығы
Кәсіптік бағдар-бұл мамандық таңдаудағы жеке икемділіктерінің, қызығушылығының, кәсіптік ынтасына және қоғамның әр-түрлі деңгейдегі квалификациялы және әр-түрлі мамандық кадрларына сұранысымен жастарды дайындаудағы бағытталған іс-әрекет. 8 ақпан күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ кәсіптік бағдар беруші Сердалина Т.Б саптүзеуде оқушыларға 8.04-12.04 аралығында өтетін Кәсіптік бағдар апталығының жоспарымен таныстырды.
«Мектеп-ата-ана-оқушы»
Ұрпаққа тәлім беруде білім сапасын жақсарту жолында, мектеп, ата-ана жане оқушы үштік одақ болып жұмыла белсенділік танытса, оң нәтижеге қол жеткізу аса қиынға соқпайды.
Осы орайда мектеп және ата-ана байланысын жүйелі жолға қою мақсатында 2024 жылдың 28 наурыз күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Мектеп-ата-ана-оқушы» тақырыбында ата-аналар алдында қоғамдық тыңдаулар өтті. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:

1. 3- тоқсан нәтижелері /ОІО Жолдаспаева Г.М./
2. Мектептің ішкі тәртіп ережелері / ТІО Амиржанова Б.К./
3. «Күйзелістен шығу жолдары» ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы аясында /психолог Берденова М.А./
4. Көктемгі қауіпсіздік ережелері / ТІО Амиржанова Б.К./
5. Әр түрлі сұрақтар

Қаралған мәселелердің нәтижесінде шешімдер қабылданып, ұсыныстар берілді.
“Мектеп ұжымының біліктілігін арттырудың тиімді жүйесін құру” тақырыбында № 4 педагогикалық кеңес
2024 жылдың 27 наурыз күні “Новоишим қазақ орта мектебі” КММ-де “Мектеп ұжымының біліктілігін арттырудың тиімді жүйесін құру” тақырыбында № 4 педагогикалық кеңес өтті.
Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
1.ҚР білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы / ТІО Амиржанова Б.К./
2.3- тоқсан қорытындысы / ОІО Жолдаспаева Г.М/
3.Педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережелері / ОІО Қайыржан Д.Қ./
4.Дене шыңықтыру пәнінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру / дене шынықтыру пәні мұғалімі Узаков Е.Н./
5.Әр түрлі сұрақтар
Қаралған мәселелердің нәтижесінде шешімдер қабылданып, ұсыныстар берілді.
#НАУРЫЗ#МЕЙРАМЫ
#НАУРЫЗ#МЕЙРАМЫ
2024 жылдың 22 наурыз күні орталық алаңда өткен Наурыз мейрамына
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің мектеп ұжымы белсене қатысып, мереке қатысушыларға киіз үйді безендіріп, қайырымдылық дастарханын жайды. Мақсаты: ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, өнерге баулу.
«Жаса, Наурыз, дәстүрлі»
#НАУРЫЗ#МЕЙРАМЫ#
2024 жылдың 20 наурыз күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Наурыз мерекесіне арналған «Жаса, Наурыз, дәстүрлі» атты мерекелік бағдарлама өтті. Іс-шара барысында «Адай күйі» , «Төрлет, Наурыз» , «16 қыз» атты әндері орындалып, «Беташар», «Қоныс той » салт-дәстүрлері көрсетілді. Мерекелік бағдарламаның 1-ші бөлімі жанға жағымды, тәнге пайдалы «Қара жорға» биімен аяқталды.
Бағдарламаның 2-ші бөлімінде «Шынықсан, шымыр боласын!» ұранымен ойнатылған «Арқан тарту», «Оқтау тартыс», «Асық ату», «Аударыспақ» ұлттық ойындары мерекенің шырайын келтірді.
Мерекелік бағдарламаның сонында оқушылар, ұстаздар, ата-аналар, дайындалған наурыз көжеден, ыстық палаудан, бауырсақтан дәм татып, өздерінің жылы лебіздерін білдіріп жатты.
«Ұлттық киім кию» челленджі
2024 жылдың 18 наурыз күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің оқушылары және ұстаздары «Ұлттық киім кию» челленджіне белсене қатысты.
Мақсаты: ұлттық құндылықты насихаттау, қазақтың салт-дәстүріндегі ұлттық өнегені оқушылар бойына дарыту, елге, жерге, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімін оятып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
«AMANAT 111» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы
Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «AMANAT 111» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы
Егер сені ұрып-соқса, егер саған көмек керек болса, егер сені біреу қорқытса немесе ренжітсе, егер өзіңе немесе досыңа қауіп төніп тұрса 111 нөміріне хабарлас. Қоңырау шалу тегін!
"Сенім жәшігі"," Сенім телефоны"
Құрметті ата-аналар, оқушылар сіздер үшін мектебімізде "Сенім жәшігі"," Сенім телефоны"қызмет көрсетеді. Сенім жәшігі мектептің екінші қабатында орнатылған. Тәулік бойы бізбен хабарласуға болады. Міндетті түрде құпиялық сақталады.
«Есірткінің және темекі шегудің адам өміріне әсері»
2024 жылдың 16 ақпан күні әлеуметтік педагог Алгожина А.К. Ресурстық орталыққа кіретін Шұқыркөл орта мектебінің 8 – 9 сынып оқушыларымен жоспарға сай «Есірткінің және темекі шегудің адам өміріне әсері» тақырыбында онлайн түрде дәріс өткізді. Мақсаты: адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зияның және улы екенің түсіндре отырып саналыққа салауатты өмірді тандауға, тазалыққа, лас істерден аулақ болуға. Нәтижесінде оқушыларға есірткі, темекі туралы ақпараттар беріліп, бейнероликтер көрсетілді.
«Досболlike:достық қолын ұсын»
"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ ресурстық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 13 ақпан күні мектеп психологі Берденова М.А. "А.Нұрқатов атындағы Шұқыркөл ОМ" нің 8-9 сынып оқушыларымен «Досболlike:достық қолын ұсын» тақырыбында тренинг өткізді.