Меню KDT

logo.jpg?_=1744025293

Коммунальное государственное учреждение «Новоишимская казахская средняя школа» коммунального государственного учреждения «Отдел образования района имени Габита Мусирепова» коммунального государственного учреждения 
«Управления образования акимата Северо-Казахстанской области

  • ru
  • kz
  • Меню школы

    Новости школы

    1 мамыр ынтымақ пен бірлік күні

    Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлайды.

    Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлайды. “Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік” қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны Новоишим қазақ орта мектебі үшін де ерекше. Сондықтан 1 мамыр күні мектеп оқушылары мен ұстаздары аудан көлемінде өткен бірлік күніне өз үлестерін қосты. 
    Алаңда біз киіз үйін безендіріп, қол өнер көрмесін ұйымдастырдық. Сонымен қатар жиылған қауымға «Тіл ашар» салт-дәстүрін ұсындық.

    Бұрыннан салт- дәстүрімізде болған «Тілашар» салт-дәстүрі - елдің білім сапарына бет алған 1 сыныпқа баратын кішкентай баланы ортаға алып, оған ақ жол тілеп, үлкен той жасау дегенді білдіреді. Осы дәстүрге қатысқан Мұрат Әліханға жақсы тілектер мен аталы сөздер айтылды. Үлкендердің ауыздарынан бата алған бала, ертеңгі күні ата-анасының, елдің мерейін өсіреді деген үміттеміз. Дәстүрден кейін барлық қатысушылар «Қара жорға» биіне қатысты.












    02.05.2019
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Мектеп директоры Баймагамбетова Балжан Шариповна

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Пайдалы сілтемелер