6 қазан күні мектеп директор жанындағы отырыста Елбасы Н.А. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл- ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауы талқыланды. Яғни мектеп директоры С.Т. Сүйесінова барлық жиналған қауымды жаңа Жолдаумен таныстырып, білім саласына терең тоқталды. Мектеп кітапханашы аталмыш Жолдауға өзінің ой-пікірін айтып, қолдау жасады.
Кітапханашы Кусаинова Ш.К
6.10.2018 ж
Елбасы Жолдауына қолдау
Биылғы Елбасының жыл сайынғы жолдауын Қазақстан мұғалімдер күнің төл мерекесіне сай келіп отыр. Қазақстан халқы жыл сайын Президентіміздің жолдауын асыға күтеді.
Себебі ол баршамыз үшін болашаққа бағдар берген белгі. Биылғы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған, жолдауының тақырыбы «Қазақстандықтардың әл- ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру». Жалпы білім беретін Новошим қазақ орта мектебінің ұстаздар ұжымы биылғы Елбасымымыздың жолауын бір ауыздан қолдап отыр. Биылғы жолауда мектепке дейінгі тәрбиемен оқытудың маңыздылығы жайла атай кетті. Себебі «тәрбие – тал бесіктен» демекші мектеп жасына дейінгі балалардың білім алу мектепке дейінгі мекемелерден және тәрбиешілердің білім сапаларынан екені бәрімізге мәлім. Егерде болашақ ұрпағымызға көңіл бөлінбесе, келешекте білімді ұрпақтың саналы болуына кім кепіл береді? Сондықтанда ең бірінші сапалы білім мен тәрбие беретін тәрбиешілеріміздің мәртебесін көтеру біздің мақсатымыз.. Ал келелі келешекті тәрбиелейтін педагогтар қауымы. Биылғы жолдаудың басты назары білім беру стандартына және барлық мектептердің Назарбаев интелектуалды мектептеріне сай болуы. Сондықтан, біздер мұғалімдер, кітапханашылар ұлттың әлеуметін арттыру үшін, мәдениетіміз бен идеялогиямызды дамыту керекпіз.
Ал келесі жыл біздің қазіргі жастарымызға арналып «Жастар жылы» деп жариялануы ұсынылған. «Ауыл – ел бесігі» атты жобаны іске асыру бойынша жобалар құру ұсынылуда. Біздің ойымызша ауылға көп көңіл бөліну керек. Себебі ауылдың түтінін түтетіп сөндірмей отырған адамдарға жағдай жасау біздің алға қояр мақсатымыз. Себебі, осы жолдауда көрсетілген бастамалар мен жоспарларды, қойылған талаптарды біз бір ұжым болып Рухани жаңғырудың мән-маңызы осында екенін білуіміз қажет.



