Меню KDT

logo.jpg?_=1612501670

Коммунальное государственное учреждение «Новоишимская казахская средняя школа» коммунального государственного учреждения «Отдел образования района имени Габита Мусирепова» коммунального государственного учреждения 
«Управления образования акимата Северо-Казахстанской области

  • ru
  • kz
  • Меню школы

    Новости школы

    Ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы

    ҚР Білім және ғылым министрлігі    алғаш рет 12  мамыр  күні - ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы деп  жариялады.   Бұл шара заманауи мектептердің жай-күйін танып-біліп, ондағы шәкірттердің қалай білім алып жатқандарына бейжай қарамайтын қазақстандық әр отбасыны айналып өтпеуі қажет-ақ.

    ҚР Білім және ғылым министрлігі    алғаш рет 12  мамыр  күні - ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы деп  жариялады.   Бұл шара заманауи мектептердің жай-күйін танып-біліп, ондағы шәкірттердің қалай білім алып жатқандарына бейжай қарамайтын қазақстандық әр отбасыны айналып өтпеуі қажет-ақ. Бүгінде қазақстандық білім жүйесінде көптеген өзгеріс бар. Еліміздің барлық қаласы мен ауылдарда бір мезгілде өткізілетін шара барысында осы мәселелер туралы сөз болды.  Новоишим қазақ орта мектебінде де бұл күні  барлық ата-ана жаппай мектебімізге келіп, балаларының сыныптарын аралап, сынып жетекшілерімен, пән мұғалімдерімен, мектеп басшылығымен сөйлесіп, пікірлесуіне  жағдай жасалды.  Мектеп директоры С.Т. Сүйесінова  оқушылардың сапалы білім алып, олардың бәсекеге қабілетті, болашақтары жарқын болулары үшін жаңартылған мазмұн енгізіліп,  мұғалімдеріміз біліктілерін арттыру бағдарламасы аясында жаппай оқытылып жатқанын айтты.  Сонымен қатар былтырдан бастап 1-сыныпта оқушылардың оқудағы жетістіктерін шектеусіз бағалау жүйесі енгізіліп, алдағы 1 қыркүйек – жаңа оқу жылынан бастап жаңартылған бағдарлама бойынша 1,2,5,7-сынып шәкірттері оқитын болатынын айтты. Директордың оқу ісі орынбасары  Г.М.  Жолдаспаева биылғы 11-сыныптар ҰБТ-ны жаңа формат бойынша тапсыратынын айтты. Ауданымыздың төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы ____________жазғы демалыс кезінде  балалардың қауіпсіздігі туралы  сөз қозғады. Балалардың отпен ойнау себебінен туындайтын,  өртті болдырмау үшін не істеу керек екенін айтып,  суға түсу кезінде  қауіпсіздік шараларын есте сақтау керек екенін айтты. Аудан білім бөлімі  басшысының орынбасары  Э.М. Қарабаева өз сөзінде  білім сапасын арттыру мақсатында аудан мектептері  БиС технологиясын  сәтті қолданып жатқанын айтты. 2019 жылдан бастап биология, химия, физика, информатика пәндері ағылшын тілінде оқытылатыны туралы айтып,  ата-аналардың   балаларынын болашағына, оқу жетістіктеріне, тәртіп - тәрбиелеріне  барынша мән-мағына беру  керек екенін айтты.




    15.05.2017
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Мектеп директоры

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Полезные ссылки