2017 жылдың 10-24 - ші сәуір аралығында Новоишим қазақ орта мектебінің жанындағы «Қызылжар» шағын орталығы мен даярлық топтар арасында «Білімді ұрпақ – ел тірегі» атты апталық өткізілді. Сол апталық ішінде 21-ші сәуір күні Новоишим қазақ мектебінің спорт залында «Әкем, шешем және мен» атты отбасылық эстафета ұйымдастырылды. Эстафеталық жарыстың тақырыбы: «Мақсаты бірдің рухы бір». Бұл эстафетаны ұйымдастырудағы біздің мақсатымыз - мектеп жасына дейінгі балалардың спорт туралы білімдерін кеңейту, денсаулық негізі қимыл, спорт екенін балаларға ұғындыру. Ата – аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және жарысқа ата – аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстардың нәтижелі болатындығына көз жеткізу. Салауатты Қазақстанның ұлағатты ұрпақтарын қалыптастыру. Бұл отбасылық эстафетаға 6 отбасы қатысты. Олар: Уалиевтар , Ахметовтар, Бәдір, Елеуке , Хатран, Серикбай отбасылары.

Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділқазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз,- деп жарысқа әділ бағасын беретін әділқазылар алқасы тағайындалды.
Эстафеталық сайысымыз мынадай кезеңдерден құралды:
Ойынның шарттары: 1.Таныстыру(топтың аты, ұран, эмблема).
- «Жүйрік ат» эстафетасы
- «Кім епті» эстафетасы
- «Кім жылдам» эстафетасы
- «Допты шеңберге лақтыру» эстафетасы
6.«Ұзындыққа секіру»
Барлық берілген тапсырмалар оңайлықпен, қызуғышылықпен орындалып, жарыс сонында жеңімпаз командалар да анықталды. Бұл отбасылық эстафеталық жарысымызды ұйымдастырудағы басты мақсатымызға жеттік деп ойлаймыз. Өйткені, ата-аналар мен тәрбиешілер, ұстаздар арасында тығыз байланыс болғаны байқалды. Ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, жақсы көңіл қүймен оралды. Жарысққа қатысқан барлық ата-аналар мақтау қағаздарымен және шағын сыйлықтармен марапатталды. Отбасылық эстафетаны ұйымдастырған Новоишим қазақ орта мектебінің жанындағы «Қызылжар» шағын орталығының тәрбиешілері: Нургалиева Н.А, Токкужина Г.Ж.