Меню KDT

logo.jpg?_=1612501670

Коммунальное государственное учреждение «Новоишимская казахская средняя школа» коммунального государственного учреждения «Отдел образования района имени Габита Мусирепова» коммунального государственного учреждения 
«Управления образования акимата Северо-Казахстанской области

  • ru
  • kz
  • Меню школы

    Новости школы

    Терроризмге жол жоқ!

    Соңғы кезде әлемнің көптеген ел­дері үшін терроризммен күрес мә­селесі аса өзекті болып отыр. Шындығында, дін зайырлы қо­ғамымыздың ажырамас бөлігі болып табылады, сондықтан құ­зырлы мемлекеттік мекемелер елі­міздегі діни қатынастарды одан әрі дамытуға әрқашанда мүдделік танытады. Осы орайда қазан айының 5-і күні біздің мектебімізге аудандық саясат бөлімінің бас маманы К. Минашева және аудандық мешіттің бас иманы Сейфолла қажы келіп мектеп ұжымына және оқушыларға терроризмнің зардаптары туралы әңгіме өткізді. 


    Әңгіме барысында бүгінгі таңда халықаралық терро­ризм және діни экстремизм асыл   ді­ні­міз – исламға да залалын тигі­зуде және террористер – Құранның негізгі қағи­даларын да білмейтін діни сауатсыз адамдар екендігі туралы айтып өтті. Шынында, зорлық-зомбылықтың барлық түрі Ислам нанымына қайшы келеді. Қазіргі кезде ең көп таралған лаңкестік – дінді бетперде еткен түрі. Олардың негізгі мақсаттары – әртүрлі діни сенімдерді пайдалана отырып, адамдардың пікіріне әсер ету, билікті ұстап қалу, ұлтаралық соғыстар, талас-тартыстар ұйымдастыру, дінді саяси құрал ретінде пайдалану. Сол үшін лаңкестіктің пайда болу тарихын, оның түрлері мен алуан көріністерін, сондай-ақ қаупінің алдын алуды да  білген абзал.

    Шынайы дін адамзатқа тура жол нұсқаушы ретінде азаматты адам­­гершілік тұрғыда тәрбиелейді, отан­сүйгіштікке баулиды, өш­пенділік пен басқыншылықты былай қойғанда, адамдарды теріс іс-әрекеттен бойын аулақ ұстауға шақырады.

    Техниканың дамыған бұл заманда, жастардың іріткі салу видеороликтері мен түрлі веб сайттардағы жарияланып жүрген теріс пиғылды ақпараттарының жиіленуі, дұрыс діни білімнің алмауынан деп санаймын. Әлеуметтік желілердегі адамзаттарды азғыратын теріс жолға түсіруші шақырған немесе еліміздің тыныштығын бұзғысы келетін теріс мазмұнда жазылған ақпараттарға тиым салуды құзырлы органдардың жеделдедіп қолға алғандары жөн болар еді деп ойлаймын.

    Елімізде бірлік пен бейбітшілік, татулық пен ырыс – береке болсын! Сонда ғана Мәңгілік елді қалыптастырамыз, көркейтеміз, дамимыз!  



    1

    14.11.2016
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Мектеп директоры

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Полезные ссылки