Меню KDT

logo.jpg?_=1612501670

Коммунальное государственное учреждение «Новоишимская казахская средняя школа» коммунального государственного учреждения «Отдел образования района имени Габита Мусирепова» коммунального государственного учреждения 
«Управления образования акимата Северо-Казахстанской области

  • ru
  • kz
  • Меню школы

    Новости школы

    Рухани келісім күні

    Новоишим қазақ орта мектебінде 10-18 қазан аралығында «Рухани келісім күніне» арналған апталық өтті. Саптүзеуде  оқушыларға жоспар таныстырылды.  Кітапханада балалардың назарына әдеби кітап және дәлізде Шапия Қасенқызының ұйымдастыруымен 8-11-сыныптар «Қазақстан халқының рухани бірлігі: өткен және осы күнгі» плакаттар  көрмесі ұсынды.


    1-11-сыныптардың сынып жетекшілері «Рухани келісім туралы сөз» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.

    Өзін – өзі тану мұғалімі Қ.Қарабаева 5-10-сынып оқушылары арасында «Бірлігіміз жарасқан елміз» атты шығарма және эссе жазғызды. Өте жақсы жазылған шығармалар марапатталды. (Нагуманова Камила, Божбанбаева Ғаухар, Мұхаметқали Бекзат, Ақмырза Дильназ, Жолбарыс Ақбота, Нурғалиева Айдана)

    Аға тәлімгер Амиржанова Бақытгүл Кеңесқызының жауапкершілігімен  Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған еңбек ардагерлері және көп балалы аналармен кездесу өтті. Ол кездесуде «Жас Ұлан» ұйымының балалары ардагерлерге сұрақтар қойып, сыйлықтар табыс етті. Кездесуді концертпен аяқтады.

    Қазан айының 17-і күні «Нұр Отан»-да «Рухани келісім күніне» арналған мешіт бас иманы мен шіркеу қызметкерімен кездесу өтті. Біздің мектеп оқушылары сол кездесуде тыңдарман болып, қайтты.

    05.11.2016
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Мектеп директоры

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Полезные ссылки