Меню KDT

logo.jpg?_=1612501670

Коммунальное государственное учреждение «Новоишимская казахская средняя школа» коммунального государственного учреждения «Отдел образования района имени Габита Мусирепова» коммунального государственного учреждения 
«Управления образования акимата Северо-Казахстанской области

  • ru
  • kz
  • Меню школы

    Новости школы

    Білім күні

    1 қыркүйек – айрықша мәні бар, айтулы мереке. Балалық шақтың ең бір ерекше сәті болып саналатын мектеп қабырғасындағы бақытты кез кімге болса да ұмытылмас естелік, жазылар жыр. Әсіресе, биылғы оқу жылының басталуы біздің  ұстаздар қауымы, оқушылар мен ата-аналар үшін ерекше мереке болмақ, себебі тағы бір кезекті оқу жылы жаңа ғимаратта басталды. Мектебіміздің ашылу салтанатына облыс әкімі Е.Х.Сұлтанов келді.


     Облыс әкімі барлық жиналған қауымды мерекемен құттықтап, мектебімізге «Газель» автокөлігін, 1-сынып оқушыларына Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың атынан «Менің Отаным Қазақстан» атты кітаптарды, сонымен бірге әр оқушыға сыйлық ретінде портфелдер табыс етті. Ақ жаулықты апаларымыз жаңа ғимаратқа өз шашуларын ала келіп, жиналған қонақтар мен мектеп оқушыларына шашты. Мектептің лентасын қию рәсімі Облыс әкімі Е.Сұлтановқа, «Альфа-Север» шаруашылығының директоры С.В.Капустинға және мектебіміздің «Алтын белгі» үміткері Иманбаева Алияға берілді. Мектеп оқушыларына «Мен елімнің патриотымын» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Бүгін еліміздің жер-жеріндегі білім ұясы – мектептерде алғашқы қоңырау соғылады. Таңның атысынан бастап қала көшелерінің сәнін келтірген, қолдарында гүл шоқтары бар, жүздерінде күлкі ойнаған оқушыларды көріп, өзің де бір сәт бақытты балалық шаққа саяхат жасап қайтасың. Жаз бойы жайбарақаттық танытқан мектеп ауласы да бүгін сыңғырлаған күлкі мен абыр-дабырға толы. Жүздерінде толқыныс пен қуаныштың табы аңғарылған талай бүлдіршін бүгін болашаққа деген алғашқы қадамын басып, имене мектеп табалдырығын аттайды. Тарыдай болып кіргелі тұрған мектебіндегі алғашқы күн, алғашқы ұстаз, алғашқы парта, алғашқы сабақ… Бүгін ғана алтын ұя мектебін алғаш рет аттап, ұстаз атты ұлағатты жанның жүзін алғаш көрген бүлдіршіндеріміз ертең-ақ ел басқарар азамат, ерен тұлғасы болары анық. Олардың жүректерінің лүпілі осыны аңғарып тұрғандай. Ал шәкірттердің енді бір тобы бірер айда мектеп атты аяулы құт мекендерімен қош айтысып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған – болашақ түлектер. Олар осы оқу жылында үлкен сын сағаттары күтіп тұрғанын сезеді. Іштей алтын ұя мектептеріне деген қимастық сезімдері де алаулап тұр..

       Сынып сағаттарынан кейін сынып жетекшілер өз сыныптарын мектеп ғимаратына экскурция жасады. Мерекеге көптеген қонақтар, ата-аналар келіп, мектепті аралап, жаңа ғимаратқа өз тілектерін айтып жатты. Мектеп кітапханасында кітапханашы Ш.К.Кусайнова оқушыларға кітапхана ішімен таныстырып, кітап сөрелерінде тұрған жаңа кітаптар туралы мағлұматтар берді. Мектептегі білімнің нәтижелі болуы білік­ті ұстазға байланысты екені сөзсіз. Тәжірибелі де, білімді ұстаз – ұрпақ жанашыры. Сауат­ты мұғалім білімді шәкірт тәрбиелейтіні де шындық. Ендеше, жаңа оқу жылы, жаңа ғимаратымыз жетістіктерге толы болып, ел тұтқасын ұстайтын білімді шәкірттер саны артсын деген тілек бар бізде!

    Білім күнінен суреттер сілтемесі

    04.11.2016
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Мектеп директоры

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Полезные ссылки