Меню KDT
Edumy - LMS Online Education Course & School HTML Template
14.png?_=1
СОШ №17"

Новости

Главная Новости

"Бала құқығы- адам құқығы"

12 қараша 2021 жылы "Бала құқығы- адам құқығы" Республикалық айлығының және "Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ" онкүндігінің аясында 1-4 сыныптар арасында " Менің отбасым- менің қорғаным", 5-11 сыныптарда " Бақытты ана- бақытты бала- бақытты отбасы- бақытты ел" сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушылардың бойына отбасына деген сүйіспеншілікті ұялата отырып, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, тәрбиенің алтын қазығы өз туған ұясы екенін ұғындыру.

"Түнгі қаладағы балалар"

Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кесте бойынша 2021жылдың 6 қараша күні тәрбие ісінің орынбасары А.Ргебаева, психолог М.Берденова және әлеуметтік педагог А.Байбулатова "Түнгі қаладағы балалар" атты рейдтік іс-шара өткізілді.Түн ішінде ешқандай құқықбұзушылық анықталмады.

«Табиғатты аялап сақтайық!»

Оқушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы олардың дүниетанымын, табиғатты қорғау қабілеттерін арттыру, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, қорғауға, тазалығын сақтауға,қамқорлық жасауға, жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында 6 қараша күні «Табиғатты аялап сақтайық!» үйдегі макулатураны жинау акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты: экология проблемаларына және табиғи ресурстарды қайта пайдалану қажеттілігіне оқушылардың назарын аудару.
#күзгідемалыс2021

" Тарихи беттер"

2021 жылының 5 қараша күні Қазақстан Республика Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай оқушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында аға тәлімгер Еслям Э.Г-ның ұйымдастыруымен
5 -сынып оқушылар арасында " Тарихи беттер" тақырыбында эрудит интеллектуалды ойын өткізілді.
#күзгідемалыс2021

" Спорттық ойындар калейдоскобы"

4 қараша 2021 жылы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де оқушылардың күзгі демалыс уақытын тиімді және қызықты өткізу мақсатында " Спорттық ойындар калейдоскобы" атты іс-шара өткізілді. Іс - шара барысында оқушылар отбасылармен бірге үстел ойындарын ойнады: шахмат, шашки, тоғызқұмалақ, нарды және т.б.
#күзгідемалыс2021

" Өмір- бақыт. Бәрі өз қолыңда"

3 қараша 2021 жылы әлеуметтік ұстаз Байбулатова А.Н. оқушылардың «Бақыт» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту мақсатында " Өмір- бақыт. Бәрі өз қолыңда" атты тренингін өткізді. Сонымен қатар аға тәлімгер Еслям Э.Г-ның жетекшілігімен оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту мақсатында " Менің құқығым бар" тақырыбында мектеп лидерлеріне арналған тренинг өтті.
#күзгідемалыс2021

"Ғажайып өнер әлемі"

«Күзгі демалыс-бақытты бала жүзін көру!» атты
балалардың күзгі демалыс кезіндегі бос уақыттарын қамту мақсатында 2021 жылының 2 қараша күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- нің оқушыларына "Ғажайып өнер әлемі" атты іс - шара ұсынылды. Оқушылар талғамына сай отбасылармен бірге көркем фильдерді тамашалады. Сонымен қатар "Күз түстері" тақырыбында суреттер мен өз жұмыстарын ұсынды.
#күзгідемалыс2021«Күзгі демалыс-бақытты бала жүзін көру!» атты
балалардың күзгі демалыс кезіндегі бос уақыттарын қамту мақсатында 2021 жылының 2 қараша күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- нің оқушыларына "Ғажайып өнер әлемі" атты іс - шара ұсынылды. Оқушылар талғамына сай отбасылармен бірге көркем фильдерді тамашалады. Сонымен қатар "Күз түстері" тақырыбында суреттер мен өз жұмыстарын ұсынды.
#күзгідемалыс2021

«Тәуелсіз елдің ұрпағы»

Мектеп оқушыларының күзгі демалысын тиімді өткізу мақсатында «Күзгі демалыс – бақытты бала жүзін көру!» атты арнайы ұсынымға сәйкес 1 қараша күні мектеп оқушылары «Тәуелсіз елдің ұрпағы» -патриоттық өлендер челленджіне қатысты. Мақсаты: еліміздің мақтанышы,елін сүйген, жерін сүйген ұрпағы, патриоты болуға тәрбиелеу.
#күзгідемалыс2021

«Кітапханаға қош келдіңіздер!»

Қазан айында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де кітапханашы Б. А. Мамбеталинованың басшылығымен 1а- сынып оқушыларымен «Кітапханаға қош келдіңіздер!» атты кітапханалық сабақ өткізілді.
Мақсаты: балаларды кітапханамен таныстыру, кітапхана мен библиографиялық сауаттылықтың негізгі ұғымдары туралы алғашқы түсінік беру - «кітапхана», «оқу залы», «жазылу», «кітап қоры», «оқырман формасы»,
кітапқа деген қызығушылықты ояту, оларға құрметпен қарауды тәрбиелеу.

«Ауылдың гүлденуі- Қазақстанның гүлденуі»

Ауыл қазақтың алтын бесігі, күре тамыры. Ауыл адамзаттың кең дүниенің есігін ашып өмірге, бізге дейінгі сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен кең маңдай тері тамған, киелі мекені.
«Ауылдың гүлденуі- Қазақстанның гүлденуі» марафоны аясында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де 25.10.21 - 29.10.21 аралығында 1-11 сыныптарда «Ауылым - алтын бесігім» тақырыбында тәрбие сағаттары өтуде. Мақсаты: туған жердің қадір – қасиетін ұғынуға, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге, еліне деген сүйіспеншіліктерін, сезімін қалыптастыру.

" Біз әртүрліміз, бірақ біз теңбіз"

13.10-18.10 аралығында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де Рухани келісім күніне орай балаларды қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету мақсатында 5-11 сыныптар арасында " Біз әртүрліміз, бірақ біз теңбіз" тақырыбында сынып сағаттары, 1-4 сыныптарында "Бір шаңырақ астында" атты сурет байқауы өткізілді.

«Мен мықты болсам – Қазақстан да мықты»

2021 жылдың 21 қазан  күні  педагог-психолог А.М. Жахина  «Мен мықты болсам – Қазақстан да мықты» психологиялық  денсаулық онкүндігі аясында  балалар мен жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету телефоны  және тәулік бойы жедел  көмек  көрсету қызметінің жұмысы  туралы  ақпарат беріп, мектепте тұрақты  сенім телефон  қызметі  туралы  ақпараттық стенд рәсімдеді.  Сонымен қатар жасөспірімдерге арналған "Өз өміріңнің бағасы" жадынамасын дайындап, «Еріктілер»  клубының мүшелерімен бірге  мектеп оқушыларына таратты.

Категории

• Нет доступных категорий

Недавние Новости

7.jpg
"Бала құқығы- адам құқығы"
19.11.2021
7.jpg
"Түнгі қаладағы балалар"
19.11.2021
7.jpg
«Табиғатты аялап сақтайық!»
19.11.2021
7.jpg
" Тарихи беттер"
19.11.2021
7.jpg
" Спорттық ойындар калейдоскобы"
19.11.2021
7.jpg
" Өмір- бақыт. Бәрі өз қолыңда"
19.11.2021
7.jpg
"Ғажайып өнер әлемі"
19.11.2021
7.jpg
«Тәуелсіз елдің ұрпағы»
19.11.2021
7.jpg
«Кітапханаға қош келдіңіздер!»
19.11.2021
7.jpg
«Ауылдың гүлденуі- Қазақстанның гүлденуі»
19.11.2021
7.jpg
" Біз әртүрліміз, бірақ біз теңбіз"
19.11.2021
7.jpg
«Мен мықты болсам – Қазақстан да мықты»
19.11.2021