" Құқық сабақтары- өмір сабақтары"
19 қараша 2021 жылы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ -де құқық пән мұғалімдері Байбулатова А.Н., Саденова Б. Б. " Құқық сабақтары- өмір сабақтары" ақпараттық сағаттарды өткізді. Мақсаты: оқушыларды құқықтық сауаттандыру, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған тиімді, бірлескен іс- қимылдар жүргізу.
" Құқығым бар"
19. 11.21 жылы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ - де мектеп психологі Берденова М.А. 10 сыныпқа " Құқығым бар" семинар- тренингін өткізді. Мақсаты: оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру.
"Спорт және СӨС"
18қараша күні "Новоишим қазақ орта мектебі " КММ-де АИТВ/ЖИТС онкүндігі аясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері "Спорт және СӨС" фракция мүшелерімен бірге 7-9 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырып өткізді.
«Бала тәрбиесіне қатты талаптар қою мен баланың болашағы үшін шешім қабылдау дұрыс»
«Бала құқығы – адам құқығы» республикалық айлығының және «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» онкүндігінің іс-шаралар жоспары аясында 18 қараша күні дебат клубының жетекшісі Б.Н. Рамазанова «Бала тәрбиесіне қатты талаптар қою мен баланың болашағы үшін шешім қабылдау дұрыс» тақырыбында 9-11сынып оқушылар арасында пікірталас өткізді. Негізгі мақсат: оқушының ой-өрісін дамыту, іздендіру, мәдениеттілікке тәрбиелеу.«Бала құқығы – адам құқығы» республикалық айлығының және «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» онкүндігінің іс-шаралар жоспары аясында 18 қараша күні дебат клубының жетекшісі Б.Н. Рамазанова «Бала тәрбиесіне қатты талаптар қою мен баланың болашағы үшін шешім қабылдау дұрыс» тақырыбында 9-11сынып оқушылар арасында пікірталас өткізді. Негізгі мақсат: оқушының ой-өрісін дамыту, іздендіру, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
АИТВ /ЖИТС алдын алу
Әлеуметтік педагогтың ұымдастырумен АИТВ /ЖИТС алдын алу бойынша 9-11 сынып арасында тест алынды. 6-8 сыныптар арасында зиянды заттардың адам ағзасына тигізер зияны бейнеролик көрсетілді.
ЖҚТБ байланысты кітапханамызда көрме
Жоспар бойынша ЖҚТБ айлығына байланысты кітапханамызда көрме ұйымдастырылды.
«АИТВ: әрқайсысын тыңдау»
Новоишим қазақ орта мектебінде ЖИТС күрес дүниежүзілік кампаниясы аясында «АИТВ: әрқайсысын тыңдау» тақырыбындағы онкүндігінің іс-жоспары құрылып, бекітілді.Мектебіміздің бірінші қабатында ЖИТС күрес дүниежүзілік кампаниясы аясында «АИТВ: әрқайсысын тыңдау» атты стенд ұйымдастырылды.
Ақпарат бұрышы
Ақпарат бұрышы
Балалар мен жасөспірімдерді вакцинациялау қалай жүргізіледі?
"Здоровый я здоровая страна СКО"
Новоишим қазақ орта мектебі
9 "А" сынып Жусупова Дана
"Здоровый я здоровая страна СКО"
Новоишим қазақ орта мектебі
3"А" сынып Ермат Дастан
" Балалық шақты бірге қорғайық"
16 қараша 2021 жылы әлеуметтік ұстаз Байбулатова А.Н. " Балалық шақты бірге қорғайық" тақырыбында 1-11 сынып ата- аналарына онлайн түрде слайдтық презентация
жіберді.Сонымен қатар ата-аналарға Bala Qorgau телеграм чатының қізметі туралы ақпарат берілді.
"Әр баланың құқығы бар"
15 қараша 2021 жылы мектептің өзін- өзі басқару ұйымы 5-8 сыныптар арасында "Әр баланың құқығы бар" сурет көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты: оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру.
#адамқұқығыбалақұқығы