«Қазақстан балалары - қысқы ертегі»
«Қазақстан балалары - қысқы ертегі» қысқы демалысқа арналған іс- шаралар жоспарына сәйкес 4-5 сынып оқушылары Жаңа жылға арналған жеке және отбасылық тілектерін жолдады.
«Өз қолыңызбен жасалған сыйлық – ең керемет сыйлық!»
Қазақстан балалары – қысқы ертегі
«Қазақстан балалары - қысқы ертегі» балалардың демалысын,
бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 0-11сынып оқушылары «Өз қолыңызбен жасалған сыйлық – ең керемет сыйлық!» атты шығармашылық жұмыстарының онлайн көрмесіне белсенді қатысты.
«Қауіпсіз қысқы демалыс»
2021 жылдың 30 желтоқсан күні, яғни қысқы демалыстың бірінші күні 0-11 сынып оқушылары жоспарға сәйкес «Қауіпсіз демалыс» тақырыбында презентация мен бейнероликтер тамашалады.
Мақсаты: оқушылардың қыс мезгілінде үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін бекіту, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
«Қауіпсіз демалыс»
2021 жылдың 30 желтоқсан күні, яғни қысқы демалыстың бірінші күні 0-11 сынып оқушылары жоспарға сәйкес «Қауіпсіз демалыс» тақырыбында презентация мен бейнероликтер тамашалады.
Мақсаты: оқушылардың қыс мезгілінде үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін бекіту, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
"Қызыл жар" шағын орталығы
27-29 желтоқсан күні мектеп жанындағы "Қызыл жар" шағын орталығында Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгіліктер өтті. Балаларды Аяз Ата мен Ақшақар құттықтап, тәтті сыйлықтарды табыс етті.
"Еріктілер" клубы
Ағымдағы жылдың 28 желтоқсан күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-нің "Еріктілер" клубының мүшелері Исаев Алиасқар және Бексеитов Алишер ауданымыздың еңбек ардагері И.И. Фарбей үйіне барып, үй ауласын қардан тазалады. Жаңа жыл мерекесі қарсанында оқушылар игі іс жасап, еңбек ардагерінің шексіз алғысына бөленді. Жарайсындар, оқушылар! Сіздердей еліміздің патриоттары көп болсын деп тілейміз!
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің шыршасы
2021 жылдың 28 желтоқсанында сағат 11.00 де Новоишим қазақ орта мектебінде аз қамтылған, көпбалалы отбасы балаларына онлайн форматта Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің шыршасы өтті. Оқушыларға мерекелік бағдарлама, бейне құттықтаулар және қызықты би ойындары ұсынылды. Аяз ата мен Ақшақар тәтті сыйлықтар мен ойыншықтарын табыс етті. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
"Түнгі қаладағы балалар"
Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кесте бойынша 2021жылдың 25 желтоқсан күні тәрбие ісінің орынбасары Б.Амиржанова, психолог А.Жахина "Түнгі қаладағы балалар" атты рейдтік іс-шара өткізілді.Түн ішінде ешқандай құқықбұзушылық анықталмады.
«Оқуға құштар мектеп»
Желтоқсан айында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен 1- сынып оқушыларға "Балалар әдебиетіне шолу " атты көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың әдеби сауатын ашу негізінде рухани байыту, оқу дағдыларын және оқырмандық біліктілігін қалыптастыру, әдеби-эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, ізгілікті, елжанды тұлға тәрбиелеу.
" Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай « Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де 14-15 желтоқсан күндері 1-11 сыныптарда « Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке - 30 жыл», «Туған елім тірегім, өнер білім-бұлағым» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты: оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кеңейту, Отанды сүюге, ел жанды, ел азаматы етіп тәрбиелеу. Сонымен қатар 5 сынып оқушылары " Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына салтанатты түрде қабылданды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кітап көрмесі
Желтоқсан айында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: тарих контекстіндегі қазақ мемлекеттілігінің көпғасырлық қалыптасу тарихын, Тәуелсіз Қазақстанның саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуын көрсету.
"Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ"
СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы "Новоишим ҚОМ" КММ "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" атты сайыс 6"Ә"-сынып оқушылары арасында.